Республикашыл конгрессмен Обама мен Иран президентінің фейк фотосын таратты

Дүйсенбі күні республикашыл конгрессмен Пол Госар туиттерінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың Иран президенті Хасан Роуханимен бірге түскен фотосын жариялады. Суреттің астына “әлем биліктегі осы адамдарсыз жақсырақ” деп жазды.

https://twitter.com/DrPaulGosar/status/1214276066086395906

Бірақ Обама мен Роухани ешқашан жеке кездеспеген. Пол Госар жариялаған сурет арнайы бағдарламамен өңделген. Сурет 2011 жылы Обама мен Үндістан премьер-министрі Манмохан Сингхтың кездесуі кезінде жасалды.

https://twitter.com/KFILE/status/1214281536817782785

Журналист Даниэль Медина Роуханидің әлі де билікте екенін айтып, Госардың жалған ақпарат тарату әрекетін айыптады.

“Ешкім бұл фотошоп емес екенін айтқан жоқ. Ешкім Иран президенті өлді деп айтқан жоқ. Ешкім Обама Роуханимен жеке кездесті деп айтқан жоқ” деп Госар суреттің жалған екенін айтып, сынағандарға туиттерде жауап берді.

Factcheck.kz