NYT журналистері Джорж Флойдтың өлімі оқиғасын баяндады

25 мамыр күні Миннеаполисте (Миннесота штаты, АҚШ), полиция 46 жастағы Джорж Флойдты ұстады. Полицияны Cup Foods дүкенінің қызметкері шақырды. Оның айтуы бойынша Флойд темекі сатып алу үшін 20 долларлық жалған ақша берген.

Полиция келгеннен 17 минуттан кейін Флойд қайтыс болады. The New York Times және BBC басылымдары оқиғаның қалай болғанын баяндады.

Зерттеу авторларының бірі біздің досымыз әрі әріптесіміз, Factcheck.Academy жобасының авторларының бірі Кристиан Триберт. Бұл жоба тергеу үшін ашық деректерді қалай пайдалануға болатынын көрсетеді.

Журналистер көшедегі бейнекамералардан кадрлар, куәгерлер түсірген видеоларды, сондай-ақ ресми есептерді пайдаланды. BBC Флойд Хьюстоннан (Техас штаты) Миннеаполиске көшіп келгенін, ол жерде көп жыл өмір сүргенін анықтады.

Миннеаполисте Флойд түнгі клубтарда күзетші болып жұмыс істеді, бірақ Соvid-19 пандемиясының кесірінен жұмыссыз қалды. Cup Foods дүкеніне Флойд үнемі баратын еді. Дүкен иесі Майк Флойдпен арасында ешқандай түсініспеушілік болмағанын, оның жақсы және мейірімді клиент болғанын айтады.

Оқиға болған күні дүкен иесі жұмысында болмаған, ал сол күні жұмыс істеген қызметкер сатып алушы жалған купюра берген кезде істеу керегі жазылған нұсқаулыққа сүйенген.

Хронология

  • Дүкен қызметкері полицияға жергілікті уақыт бойынша 20:01-де қоңырау шалған. Сатушы диспетчерге диспетчерге Флойдты темекіні қайтаруды сұрағанын, бірақ ол қайтармағанын хабарлады. Сонымен қатар қызметкер сатып алушының мас болуы мүмкін екенін айтты.
  • Жеті минуттан кейін алғашқы екі полицей келді. Флойд ол кезде дүкеннің қасында, көлікте отырған.
  • Полицейлердің бірі, Томас Лейн, көлікке жақындап, Флойдқа қару кезенің, сыртқа шығуын талап еткен. Полицей қаруды не үшін кезенгені әлі белгісіз. Ұстау хаттамасына сәйкес, Лейн Флойдты көлігінен күштеп шығарған. Полицей Флойдтың қолына кісен салғанда қарсылық көрсеткен. Оны кісендегенге тәртіп сақшысы Флойдқа жалған ақшаны қолданғаны үшін ұсталғанын айтты.
  • Сағат 20:14-те полиция Флойдты көлікке отырғызуға тырысты, бірақ ол қарсылық танытып, жерге құлады. Осы кезде тағы екі полиция қызметкері келді, олардың ішінде Дерек Шоуен де бар. Әріптестерімен бірге Флойдты тағы да көлікке отырғызуға тырысты. Флойд етбетінен жерге құлады. Бұл кезде сағат 20:19 еді. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіре бастады. Осыдан біраз уақыт бұрын Шоуен Флойдты тізесімен тұншықтыра бастады.
  • Флойд бірнеше рет дауыстап «тұншығып жатырмын. Өтінемін, өтінемін» деді. Полицей Флойдты алты минут бойы тізесімен ұстап отырған. Флойд қайтыс болды.
  • Куәгерлер полицияны Флойдтың тамыр соғысын тексеруді сұрады. Бір полицей тексеріп еді, таба алмады. Оған қарамастан Шоуен Флойдты босатпады.
  • Сағат 20:27-де полицей Флойдтың мойнына тізесін алып тастады, ол ауруханаға жеткізілді. Бір сағаттан кейін оның қайтыс болғаны хабарланды.

Ресми есепте Джордж Флойд мойнын қысқандықтан қайтыс болды делінген. Сондай-ақ, Флойдтың денсаулығы нашар болғаны айтылды. Ол жүрек ауруымен ауырған, фентанилдің интоксикациясы және метамфетаминді жақында қолданғаны анықталды.

Флойдтың өліміне америкалықтар жаппай наразылық білдірді. Көптеген қалаларда комендант сағаты енгізілді.

Factcheck.kz