NATO әлеуметтік желілердің фейкке қарсы тұру қабілетін тексерді

NATO-ның стратегиялық коммуникациялар орталағының зерттеушілері (StratCom) төрт ай бойы әлеуметтік желілердің фейк пен манипуляцияға қарсы тұру қабілетін тексерді. Бұл жайлы StopFake хабарлайды.

Желілерде манипуляция жасау әлеуетін анықтау үшін StratCom төрт түрлі платформада лайк жинау, ақпаратты тарату қызметтерін ұсынатын компаниялардың көмегіне жүгінді.

StratCom Facebook, Instagram, Twitter, YouTube және Instagram платформаларында 105 түрлі пост жариялады. Компания 300 еуро төлеп 3530 комментарий, 25 750 лайк, 20 000 көрсетілім және түрлі платформаларда 5100 жаңа оқырман сатып алды.

«Әлеуметтік желілерде манипуляция жасауды сайлауға ықпал етуге, қоғамдық пікірлерді поляризациялауға және нақты саяси пікірталастарды ығыстыруға ұмтылатын адамдар пайдалана алады», – делінген орталықтың есебінде.

Зерттеушілер мұндай қызмет түрін ұсынатын компанияларды анықтады. Компаниялардың көбі ресейлік болып шықты. Олардың қызметі видеоға көрілім жинау үшін боттарды пайдалану, Twitter-де ретвит жасау, сондай-ақ адамның қатысуын талап ететін күрделі манипуляциялар жасау.

Әлеуметтік желілердің платформалары жалған аккаунттарды анықтауда жақсы нәтиже көрсеткен. Мысалы, Facebook StratCom ашқан жалған аккаунттардың 80%–ын, Instagram 50%–ын анықтап, өшіріп тастаған. Ал, YouTube бірде-бір аккаунтты өшірмеген.

Зерттеушілердің айтуынша YouTube-та манипуляция жасау басқа платформаларға қарағанда қымбат. Себебі, YouTube-та 10 еуроға 3267 көрілім сатып аласын, ал Instagram-да 13 000 көрілім жинауға болады.

Factcheck.kz