Masa.media интернет басылымы іске қосылды

Қазақ және орыс тілдерінде Қазақстанның саясат, құқық және заңнама жүйесін түсіндіретін masa.media интернет басылымы іске қосылды. Басылымның негізін қалаушылар — журналист және медиа-менеджер Айсана Ашим (The Village Казахстан) мен Әсем Жапишева («Тіл кеспек жоқ»).

Сайт құрылтайшыларының айтуынша «Басылымды Маса деп атау кездейсоқ емес. Дәл осы өлеңмен ақын, ағартушы, ғалым, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер жинағы басталды.»

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса:
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?!

Ахмет Байтұрсынұлы

14 пен 35 жас аралығындағы оқырмандарға арналған сайттың негізгі мақсаты — жастардың білім арттырып, ағарту жұмысын жүргізу. Сайт трафик жинауды көздемейді.

Сайт ұжымы оқырмандарға заң мен құқықты үзілісте, дастархан басында, қыдырғанда және чаттарда қызу талқылауына, кейін соларды өмірінде пайдалана алуына ықпалдастық жасай отырып, Айыппұлды қалай жоюға болады? Жақсы адвокатты қалай тапса болады? Көшеде сізді полицей тоқтатса, не істеу қажет? YouTube-та кімге жазылғаныңыз жөн? Саяси мемдерді кім және не үшін жасайды? Қалай ерікті болуға болады? деген және басқа да сұрақтарға жауп береді.

Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы