Құқық қорғаушылар журналистерге арнап онлайн-карта құрастырды

«Журналистер үшін әділдік» қоры (Justice for Journalists) посткеңестік 12 елде (Балтық мемлекеттерінен басқа) БАҚ қызметкерлеріне жасалған шабуыл бойынша апталық және ай сайынғы мәліметтерді шығаратын «Медиа тәуекел картасы» жобасын жариялады. Бұл жайлы Роскомсвобода хабарлайды.

Қор жобаны Index of Censorship халықаралық коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп COVID-19 пандемиясымен байланысты шабуылдар мен БАҚ құқығының бұзылуына мониторинг жүргізеді.

Картада журналистерге қысым көрсету жағдайлары келесі санаттарда келтірілген:

  • Физикалық шабуылдар мен өмірге, бостандыққа және денсаулыққа қатер
  • Физикалық емес сипаттағы және/немесе киберкеңістіктегі шабуылдар мен қауіп
  • Заңды және/немесе экономикалық жағдайды пайдаланатын шабуылдар
  • Коронавирус

2020 жылдың басынан бастап осы санаттарда 2 403 шабуыл тіркелді, 2020 жылдың басынан бастап 180-нен астам шабуыл COVID-19 пандемиясымен байланысты.

БАҚ қызметкерлеріне жасалған шабуыл туралы ақпарат Қорға ашық көздерден және сарапшылардан келіп түседі.