Канадада АЭС-те болған оқиға туралы жалған СМС таратты

Ұялы телефондарға жіберілген мәтіндік хабарламаларда Канаданың оңтүстігіндегі Пикеринг АЭС-інде оқыс оқиға орын алғаны айтылған. Оқиғаның мән-жайы түсіндірілмеді, бірақ радиацияның таралмағаны және қорғаныс құралдарын қолданудың қажеті жоғы ескертілді.

Екі сағаттан кейін Канада билігі жіберілген хабарламаның жалған екенін айтты. Пикерингке жақын орналасқан қаланың мэрі Дэйв Райан толық ауқымды тергеу жүргізуді талап еткенін мәлімдеді.

Бірінші хабар жергілікті уақыт бойынша 07:30-да (Гринвич бойынша 12:30) АЭС-тен 10 км радиуста тұратын жергілікті тұрғындарға жіберілді. Хабарламаны Онтарио провинциясы үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар орталығы автоматты түрде жасап, жіберді.

“Пикеринг АЭС-те оқиға туралы хабарланады. Станцияда радиоактивті заттар ауаға тараған жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлері жағдайды бақылап отыр. АЭС Пикеринг ауданындағы халық қорғаныс шараларын қолданбауына болады”, – делінген бірінші хабарламада.

Артынша электр станциясын пайдаланып отырған Ontario Power Generation компаниясы бұл хабарлама қате жіберілгенін және адамдар немесе қоршаған орта үшін ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Пикеринг АЭС Онтарио көлінің жағалауында Торонтодан 50 км қашықтықта орналасқан. Атом электр станциясы 1971 жылы жұмысын бастады және әлемдегі ең ірі электр станциясы.

Factcheck.kz