HBO фейктер жайлы деректі фильм шығарады

HBO 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында деректі фильмдерді жарыққа шығаратынын хабарлады. Фильмдердің ішінде «Атланта балалары» деп аталатын 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында Атлантада жоғалған және қайтыс болған балаларға қатысты оқиғаны зерттейтін деректі фильм көрсетіледі.

Сонымен қатар наурыз айында “AFTER TRUTH: DISINFORMATION AND THE COST OF FAKE NEWS” атты фейк жаңалықтар, дезинформация жайлы деректі фильмдер сериясы шығарылады.

Фильм әлеуметтік желілер ғасырында АҚШ-та кең тараған «жалған ақпарат» құбылысын, қастандық теориясының және дезинформацияның қарапайым азаматқа тигізетін әсерін зерттейді.

Деректі фильм әлемде соңғы жылдары орын алған бірнеше маңызды оқиғаларға арналған. Оның ішінде «Pizzagate» ісі, 2016 жылғы президенттік сайлауға әсер еткен жалған ақпарат кампаниялары, Джейд Хельмнің қастандығы.

Эксклюзивті фильмде әртүрлі сарапшылар дезинформацияның мақсаты, ақиқатқа негізделген мәдениеттің жаһандық ақпараттық кеңістіктің қауіпті бөлігіне айналуы жайлы сұхбат береді. Фильмнің режиссері Эндрю Росси, атқарушы продюсер Брайан Стелтер.

Factcheck.kz