Facebook пайдаланушыларына жеке мәліметті жасыруға мүмкіндік береді

Facebook желісі пайдаланушыларға жеке мәліметті өшіруге мүмкіндік беретін “facebook-тен тыс әрекет” жаңа функциясын енгізді. Компанияның ресми хабарламасында, пайдаланушылар өз аккаунтына кірмеген жағдайда да, құрылғы олар туралы ақпаратты жинағанын мойындады.

Компания бұл функция контент пен жарнаманы таргеттеу үшін қажет болғанын айтты. Енді “facebook-тен тыс әрекет” батырмасын басқаннан соң белгілі бір трекердің көмегімен деректерді әлеуметтік желіге жіберетін түрлі сайттар мен бағдарламаларды қолданғаны жайлы мәліметті өшіре аласыз.

Жаңа қызмет уеб-браузердегі “тарихты өшіру” функциясын еске салады. Бір батырма арқылы барлық ескі ақпаратты жоюға болады, бірақ желінің деректерді қайта жинауына еш кедергі жоқ.

Осыған дейін Facebook басшысы Марк Цукерберг пайдаланушылар туралы ақпаратты заңсыз жинағаны үшін бірнеше рет кешірім сұраған. Алайда оның компаниясы азаматтардың жеке өмірі туралы мәліметтерді жинауды тоқтатпады.

Factcheck.kz