Facebook дипфейктерді өшіре бастайды

Facebook әлеуметтік желісі пайдаланушыларды жалған ақпараттандыруы мүмкін дипфейктар мен арандатушы видеоларды өшіре бастайды. Бұл туралы компанияның ресми блогында хабарланды.

Ең алдымен жасанды интеллект немесе машиналық оқыту арқылы жасалған, адамның беті мен дауысын өзгертетін дипфейкке тыйым салынады. Алайда жалпы өңделген видеоларға тыйым салынбайды.

Мысалы, егер пайдаланушы “Путинге қолдау білдірген” Трамптың видеосын арнайы бағдарламамен жасап, жарияласа бұл дипфейк деп саналады. Ал егер, видеоның үстінен дауыс жазу және монтаждың көмегімен жасалса онда жазадан құтыла алады.

Бұл шаралар 2020 жылдың күзінде АҚШ президентін сайлауға дайындық. Компания сайлау алдындағы жалған ақпараттың таралуына кедергі келтірмек. Аталмыш контентті тексерумен 50 тәуелсіз компания айналысады, олар 40-тан астам тілді анықтай алады.

Дегенмен Facebook пародиялық немесе сатиралық роликтерді платформадан өшірмейді.

Factcheck.kz