ДДСҰ коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі ретінде ұсынды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируспен күрестегі іс-әрекеттерін жоғары бағалады.

Ханс Клюге өзінің туиттер парақшасында Қазақстанды COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі деп атады. Сонымен қатар коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан шараларды тізіп шықты.

  • күшейтілген бақылау;
  • тестілеудің кең ауқымы, оның ішінде медицина қызметкерлерін тестілеу;
  • мәліметтер жинауды цифрлау;
  • профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;
  • науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;
  • зерттеу

Factcheck.kz