ByteDance және TikTok дипфейк жасайтын құрал шығарды

TikTok қосымшасына иелік ететін ByteDance компаниясы бетіңізді басқа біреудің видеосына қоюға мүмкіндік беретін технологияны жасады. Bytedance әлі жарыққа шықпаған қызметін Face Swap деп атады. Бұл жайлы TechCrunch хабарлайды.

Жаңа қызмет дипфейк технологиясының негізінде құрастырылған. Алдымен TikTok коды пайдаланушылардан бірнеше ракурстан бетін биометриялық сканерлеуді сұратады. Содан кейін бетіңізді қай видеоға қосқыңыз келетінін таңдай аласыз.

Журналистердің айтуы бойынша бұл бір жағынан адамдарды дипфейк технологиясы туралы хабардар етсе, екінші жағынан қолданушының биометрикалық деректеріне қауіп төндіреді.

Осыған дейін бірнеше басқа технологиялық компаниялар да дипфейк жасап көргісі келді. Мысалы, Morphine қосымшасы GIF-файлдардағы актерлердің бетінің орнына өз бетіңді қоюға мүмкіндік берді.

Көптеген жылдар бойы Snapchat FaceSwap қызметін ұсынып келді. Пайдаланушы қосымшада екі адамның бетін орындарымен ауыстыра алатын еді. Сонымен қатар Face Swap Live сияқты жеке қолданбалар бар.

Factcheck.kz