Bellingcat және NYT «Украиналық Boeing-қа ракетаның тиюі» видеосының түсірілген нүктесін анықтады

Bellingcat және New York Times зерттеушілері Тегеран маңында Украинадан шыққан жолаушылар ұшағына ракетаның тиюі көрсетілген видеоны зерттеді.

Қаңтардың 9-ы телеграмм каналдардың бірінде оқиғаға байланысты видео жарияланды. Каналда “Украинаның халықаралық әуе желілері” 752 рейсінің апатына байланысты материалдар жинақталып жатыр.

Видеода ұшақтың ауада жарылғандығы көрсетілген. New York Times газеті видеоның авторымен байланысқа шықты. Автордан видеоның сапалырақ нұсқасын сұратып, оның түпнұсқа екенін растады.

Bellingcat видеоның түсірілген жерін анықтады: ол ұшақ ұшып шыққан Тегеран маңындағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайдан батысқа қарай Паранд елді мекенінде түсірілген (координаттары: 35.489414, 50.906917).

Зерттеушілер камераның PS752 ұшу траекториясы бағытында солтүстік-шығысқа бағытталғанын анықтады. Видеодағы әр түрлі нысандарды ашық дереккөздерде орналасқан спутниктік суреттерден көруге болады: көп пәтерлі үйлердің жарығы, фонарлық бағаналарды және түсіру нүктесінің сол жағындағы құрылыс алаңын көруге болады. 2019 жылы 15 қарашада Terraserver жариялаған жаңа суретте видеодағы ғимараттардың салынғанын көруге болады, олардың орналасуы видеодағымен сәйкес келеді.

Жарылыс дыбысы түсіру нүктесіне дейін (шамамен 10.7 секунд) жеткен уақытты есептеп, журналистер жарылыс орнынан түсіру нүктесіне дейінгі тікелей қашықтықты анықтады. Қашықтық шамамен 3.6 километрге тең. PS752 ұшу биіктігін біле және Пифагор теоремасын пайдалана отырып, олар камерадан жарылыс орнына дейінгі көлденең проекциядағы (жер бойынша) қашықтық шамамен 3.3 километрді құрайтынын анықтады.

Содан кейін деректер геолокациямен салыстырылды, сондай-ақ PS752 ұшу траекториясына (FlightRadar24 алынған) салынды. Жарылыс орнының көлденең проекциясы FlightRadar24 деректері бойынша ұшақтың ұшу траекториясының экстраполяциясымен сәйкес келеді.

Контекст

  • Қаңтардың 8-і “Тегеран-Киев” бағытындағы “Украинаның халықаралық әуе желілері” Boeing 737 ұшағы Ислам Хомейни атындағы әуежайдан ұшқаннан кейін көп ұзамай құлады. 176 адам қаза тапты. Иран ұшақты зымыран атып түсіргенін жоққа шығарды.
  • Кейін Иран украиндық ұшақтың апатқа ұшырауының себептері туралы есеп берді. Құжаттағы деректеріне сәйкес әуе кемесінің экипажы құлау алдында әуежайға қайта оралуға тырысты.
  • Украина билігі Ирандағы Boeing-737-800 “Украинаның халықаралық әуе желілері” ұшағының апатқа ұшырауы себептерінің жеті нұсқасын қарастыруда. Оның ішінде зымыранның тиюі де бар.
  • Иран Қарулы Күштері Бас штабы украиналық ұшақты атып түсіргенін мойындады.