Астанада күшейтілген карантин кезінде шектеулер

Астанада 5–19 шілде аралығында карантинді қатаңдату кезінде қоғамдық көліктің жұмысы толығымен тоқтайды. Бұл жайлы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пралиева хабарлады.

Сонымен қатар сауда-ойын-сауық орталықтары, фитнес-орталықтар, сауналар, сұлулық салондары, білім беру орталықтары, курстар мен үйірмелер жабылады. Ал СОС орталықтарындағы дәріхана мен супермаркеттер еш кедергісіз істей береді.

ХҚКО тек жұмыс күндері сағат 9-дан 15-ке дейін жұмыс істейтін болады. Азық-түлік және ашық базарлар да осы кестеге сәйкес жұмыс істейді. Супермаркеттер сағат 9 дан 18-ге дейін, ал үй жанындағы дүкендер сағат 9-дан 20:00-ге дейін жұмыс істей алады.

Дәмханалар мен мейрамханалардың тек террасаларын ашып, оларға бір мезгілде тек 30 адамды қабылдай алады. Олардың жұмыс уақыты сағат 10-нан 20-ға дейін деп бекітілді.

Factcheck.kz