Apple электронды хаттарды және iСloud-ты тексереді

Apple компаниясы құқық қорғау органдарымен бірігіп жұмыс істеуден бас тартатыны туралы түрлі хабарламаларға қарамастан, кей істерде полицияға көмектеседі. Forbes-тің хабарлауынша компания өз поштасынан электронды хаттарды және iCloud-қа жүктелген деректерді сканерлеп, тексереді.

Осыған дейін компания ICloud пайдаланушысы жүктеген “балалар порнографиясының бірнеше суреттерін” тауып, электронды поштасын тексерген еді. Сол себепті компания балаларға қатысты зорлық-зомбылық бар контентті қадағалайды, оны тексергеннен кейін құқық қорғау органдарына жібереді.

Компания iCloud пайдаланушысы туралы мәліметтерді, оның ішінде атын, мекен-жайын және телефон нөмірін құқық қорғау органдарына ұсынады. Apple қолданушысы бұл деректерді компанияның пайдалануына тіркеу кезінде рұқсат береді.

Компания қызметкерлері электронды поштаны өздері отырып тексермейді. Басқа компаниялар сияқты Apple серверлері қылмыстық әрекеттерді анықтау үшін “хэштау” процесін пайдаланады.

Билік анықтаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсетілген әрбір дерек үшін хэш жасалады. Сурет үшін бұл цифрлы қолтаңба және техникалық компаниялар өз жүйесін осы хешке сәйкес суреттерді автоматты түрде іздете алады.

Apple iPhone пайдаланушыларына iCloud қоймасында өз құрылғыларының резервті көшірмесін толық шифрлауға рұқсат бермеген еді. Бұл қадам ФТБ тергеу барысында кедергі болуы мүмкін. Осылайша, компания қолданушылардың жеке дерегін АҚШ-тың құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтеріне ұсынатынын айтты.

Factcheck.kz