YouTube Ресей мен Қытайға қатысты 2500-ден астам каналды жапты

Бұғатталған каналдардың көбі COVID-19 және АҚШ наразылықтары туралы жалған ақпарат таратқан. Бұл туралы Google өзінің есебінде хабарлайды.

Тексерілмеген ақпаратты таратуға қарсы науқан аясында 2020 жылдың екінші тоқсанында Ресей, Қытай және Иранмен байланысты 2500-ден астам канал YouTube-тан өшірілді. Арналар әртүрлі тілде жүргізілген.

Мысалы, сәуір айында АҚШ-тың COVID-19-ға реакциясы және Сауд Арабиясы мен Американың қарым-қатынасы туралы жалған ақпарат бергені үшін Иранмен байланысқан 19 YouTube арнасы өшірілді.

Ресейге қатысты үш блог, ЕО, Литва, Украина және АҚШ туралы, сонымен қатар Ресей мен Сирия саясаты мен АҚШ-тың COVID-19 пандемиясы кезіндегі іс-әрекеті туралы фейк ақпарат үшін 22 YouTube арнасы өшірілді.

Спам таратқаны үшін және АҚШ-тың COVID-19 пандемиясына реакциясы туралы жалған ақпарат берді деп Қытаймен байланысы бар 186 арна бұғатталды.

Мамыр айында АҚШ-тың COVID-19 вирусына қатысты реакциясындағы жалған мәліметтер үшін Қытаймен байланысы бар 1098 канал жабылды.

Ресейдің ішкі және халықаралық саясаты туралы жалған ақпарат таратты деп 47 арна жабылды.

Маусым айында Америка Құрама Штаттарындағы нәсілдік әділетсіздікке қарсы наразылықтарға қатысты жалған ақпарат таратты деп Қытаймен байланысы бар 1312 канал жабылды.

Factcheck.kz