Роскомнадзор Facebook пен Twitter-ден қолданушылардың дербес дерегін локализациялауды талап етті

Роскомнадзор Facebook пен Twitter желісінен 1 шілдеге дейін Ресей Федерациясының аумағындағы ресейлік қолданушылардың локализациялық деректер базасын беруін талап етті. Бұл туралы DW хабарлады.

26 мамырда өткен Роскомнадзор жиналысы кезінде бөлім басшысының орынбасары Милош Вагнер:  «Талапқа бағынбаған компанияға шамамен 18 миллион рубль (шамамен 99 млн теңге) айыппұл салынатынын» жеткізді.

DW хабарлауынша, мұндай талапты Apple, Microsoft, Samsung, PayPal, Booking, LG секілді компаниялар орындаған. Бұған қоса, шетелдік 600-ге жуық компания Ресей Федерациясы азаматтарының деректер базасын локализациялаған. Дегенмен, негізгі мақсаты  желілік қызмет көрсету болып табылатын бірқатар ірі трансұлттық компаниялар әлі күнге дейін бұл талапты орындамаған.

2020 жылдың ақпанында Роскомнадзор Facebook и Twitter-ге “ресейлік пайдаланушылардың дерегін локализациялаудан” бас тартқаны үшін 4 млн рубль (шамамен 22 млн теңге) айыппұл салған.

Контекст

Ресей азаматтардың дербес дерегін локализациялау туралы заңды 2014 жылы кабылдады. Бұған дейін бұл заңды бұзған LinkedIn желісі толығымен бұғатталған. 2016 жылы Мәскеудің Таганский соты Роскомнадзордың тиісті талаптарын мақұлдады. Ресей Федерациясының аумағында азаматтардың деректерін Facebook және Twitter әлеуметтік желілері арқылы локализациялау мәселесі 2015 жылдан бері талқыланып келеді.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz