Корея Қазақстанның ірі инвесторларының ондығына кіре ме?

12 маусымда өткен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльмен кеңейтілген құрамдағы келіссөз барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам компания жемісті жұмыс істеп жатқанын айтты. Президент айтқан осы және өзге де мәлімделерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Корея сыртқы сауда айналымы бойынша төртінші орында.

ҚР президенті Қасым-Жомар Тоқаев

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Кореяның арасында 6 021 094 мың долларға сауда жасалған. Бұл Қазақстанның өзге елдермен жасаған сыртқы сауда көлемі бойынша төртінші көрсеткіш.

2023 жылы Қазақстан Қытаймен 31 482 272 мың долларға сауда жасаған. Сыртқы сауда көрсектішінде Ресеймен байланыс 25 980 387 мың доллар болса, үшінші орында 16 071 571 доллармен Италия тұр. Сондай-ақ, алғашқы ондыққа Түркия, Нидерланды, Өзбекстан, Франция, АҚШ және Германия кіреді.

Мәлімдеме: …Және [Корея – ред.] еліміздегі ең ірі шетелдік инвесторлардың ондығына кіреді.

ҚР президенті Қасым-Жомар Тоқаев

Үкім: Шындық

Ұлттық банктің дерегіне сәйкес Корея Республикасы 2023 жылы Қазақстанға 1 175 млн доллар инвестиция құйған. Бұл елімізге шетел тарапынан жасалған инвестиция мөлшері бойынша бесінші көрсеткіш.

2023 жылы Қазақстанға ең көп инвестиция құйған мемлекет — Нидерланды (6 001 млн доллар). Сондай-ақ Ресей мен Швейцария алғашқы үштікке кіреді. Қытай Халық Республикасы Корея Республикасынан 477 млн долларға артық инвестиция құйып, төртінші орынға жайғасқан.

Мәлімдеме: Қазақстанда тұратын 120 мың этникалық корей ұлтының өкілдері екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуда маңызды рөл атқарады және оған өлшеусіз үлес қосады.

ҚР президенті Қасым-Жомар Тоқаев

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының дерегінше 2024 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша, 120 262 кәріс, яғни Корей ұлтының өкілдері Қазақстанда өмір сүреді.

Қазақстандағы 20 033 842 халықтың 70% қазақтар, 15% орыстар, 3% өзбектер, 1,8% украиндар және 0,6% кәрістер.

Мәлімдеме: Сондай-ақ Қазақстанда Оңтүстік Кореяның капиталы бар 700-ден астам компания жемісті жұмыс істеп жатқанын ерекше атап өтті.

ҚР президенті Қасым-Жомар Тоқаев

Үкім: Шындық

2024 жылдың 1 мамырындағы көрсеткіш бойынша Қазақстанда Корей Республикасының 892 өндіріс орны тіркелген болса, соның 623-і жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, Кореямен бірлескен 173 меншік нысанының 107-і жұмыс істеп жатыр. Демек, жұмыс істеп тұған 730 мекеме бар.

Кейінгі 5 жылда елімізде жұмыс істеп тұрған Корея Республикасының меншік нысандарының саны артқан. 2022 жылы Корея Республикасының 563 компаниясы жұмыс істесе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 615-ке жеткен. Екі ел арасындағы бірлескен меншік нысандарың саны 1-ге көбейген.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz