12 ақпанда ҚР Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында депутат және «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев ҚР Премьер-Министрі А.Маминге депутаттық сауал жолдады. Factcheck.kz Перуашев мырзаның айтқан ақпараттың рас-өтірігін анықтады.
Біз өткен жылы осы көрсеткіш бойынша [Doing Business рейтингінде құрылысқа рұқсат алу – ред.] Қазақстан 17 позицияға көтеріліп, әлемде 35-орынға ие болғанын қанағаттанарлықпен айта аламыз. Бұл дегеніміз үкіметтің жұмысын позитивті тұрғыда көрсете алады.
А.Перуашев
Үкім: Техникалық қате және шындық
Техникалық қате: Шынында да, бұл көрсеткіш бойынша(Doing Business рейтингінде құрылысқа рұқсат алу) Қазақстан өткен жылы 2018 жылмен салыстырғанда бірден 17 позицияға (35-орын) көтерілді. Бірақ жаңартылған деректер бойынша Қазақстан 37-орынға төмендеді.
Шындық: Қазақстан жалпы рейтингтің көрсеткішінде көтерілді деп нақты айта аламыз. 2018 жылғы есепте (2017 деректері бойынша) Қазақстан 36 — орында, 2019 жылғы есепте — 28-орында болды. Қазір Doing Business-тің жаңартылған рейтингінде Қазақстан 190 елдің ішінде 25-орынға тұрақтаған.
Doing Business туралы не білуіміз керек?
Дегенмен, Азат Перуашев Doing Business-тегі оң өзгерістерді ғана атап өтті. Басқа да көрсеткіштер бар. Рейтингтегі көрсеткіштер бойынша Қазақстан 2018 жылмен салыстырғанда біршама төмендеген.

Дегенмен, рейтингтің өсуі тек бір елдегі параметрлердің жақсаруынан ғана емес, осы рейтингте тіркелген басқа елдердің көрсеткіштері жақсарып немесе нашарлап жатса да өзгеретінін ескерейік.
Қорытынды
- Жекеленген критериялары бойынша Қазақстан Doing Business рейтингінде оң өзгерістерді байқауға болады.
- Рейтингтің жаңартылған мәліметінде Қазақстан 2017 жылдан бері 11 позицияға көтерілді.
- Алайда рейтингті есептеу әдіснамасын ескерсек, бұл экономика саласындағы үлкен серпіліс деп айта алмаймыз.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.