Қазақстандық банктер ең көп пайда табатын банктер қатарына кіре ме?

2 қыркүйектегі жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі банктер ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер қатарына кіретіні туралы дерек келтірді. Президент жолдауда шын дерек келтірді ме? Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Дәлелденбеген

Дүниежүзілік банктың 2024 жыл маусым айындағы Қазақстан туралы шығарылымында еліміздегі банктері «ресурсқа бай ұқсас елдер» ішіндегі ең көп пайда табатын банктер саналатыны жазылған. Дегенмен редакциямыз бұл қандай «ұқсас елдер» екенін таба алмады, сондықтан дәлелденбеген деген үкім қойдық.

Дүниежүзілік банктың деректерінде ақпарат нақты берілмегендіктен, біз іздеуге көп уақыт жоғалттық. Сонымен қатар, ашық деректерден осыған ұқсас ақпарат таппадық. Президент мәлімдемесін дүниежүзілік банктың осы деректеріне сүйеніп айтқан болуы керек. Бірақ, әлемдегі банк есебінде Қазақстанға ресурстары ұқсас қандай мемлекеттер екенін жазбайды.

Дүниезүлік банктың дерегіне сүйенсек еліміздегі банктердің табысы 2024 жылдың сәуірінде, кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіш 34,8%-ке жеткен. Елімізде негізінен үй шаруашылықтарына қысқа мерзімді және көп шығынды несие алу түрлері өскен. Ал, ипотекаға сұраныс бір қалыпты көрсеткіш күйінде қалған. 

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz