2019 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы өткен Үкімет отырысында энергетика министрі Қ. Бозымбаев «АИ-92 маркалы бензинге ең төменгі баға Батыс Қазақстан облысында 139 теңге болса, дизель отынына ең төменгі баға Түркістан облысында 175 теңге», – деген мәлімдеме жасады. Бұл ақпаратты бірнеше қазақ сайты таратты. Factcheck.kz министр мәлімдемесінің рас-өтірігіне көз жеткізіп көрді.
АИ-92 маркалы бензинге ең төменгі баға Батыс Қазақстан облысында 139 теңге.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
Үкім: Жартылай шындық
Министр баяндамасы маусым айында жасалғанымен, бұл сөз әлі де күшінде. Яғни АИ-92 маркалы бензин бағасы Оралдағы «Меркурий» жанармай бекетінде — 139 теңгеден сатылып жатыр. Батыс Қазақстан облысындағы жанармай сататын басқа да орындарда баға жоғары. Атап айтқанда, АИ-92 маркалы бензинінің «ОКтан» (Орал қаласы) — 140 теңге, « Нефтэк» (Ақжайық ауданы) — 148 теңге, «ҚазМұнайГаз» (Жаңақала ауданы) — 142 теңге.
«Меркурий» жанармай бекеті, Орал қаласы «Нефтэк» жанармай бекеті, Ақжайық ауданы, «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеті, Жаңақала ауданы
Дизель отынға ең төменгі баға Түркістан облысында 175 теңге.
Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі
Үкім: Жалған
Түркістан облысында дизель отынының ең төменгі бағасы министр айтқандай 175 теңге емес. Қазіргі уақыттағы (біз байқаған) ең арзан баға «T.S Оңтүстік жанар май», «Satti zhol» бекеттерінде — 189 теңге. Министр айтқан бағадан әлдеқайда (14 теңгеге) қымбат. Осы облыстың аудандарының өзінде дизель отынының ең арзан бағасы – 187 теңге.
«Satti zhol» жанармай бекеті, Түркістан қаласы «Т.S Оңтүстік жанармай бекеті», Түркістан қаласы «Алмас» жанармай бекеті, Шәуілдір ауданы «Самал» АЖБ жанармай бекеті, Сарыағаш ауданы
ҚР статистика комитетінің дерегіне сүйенсек, осы жылдың маусым айында дизель отынының орташа есеппен ең төменгі бағасы Таразда (189 теңге) болған және баға әлі өзгерген жоқ.
Контекст
ҚР статистика комитетінің 2019 жылдың маусым айындағы мәліметінде, Оралда АИ-92 бензинінің орташа бағасы — 141 теңге болған. Ал орташа есеппен ең арзан дизель отыны 188 теңгеден сатылған.

АИ-92 бензині мен дизель отынының маусым-қыркүйек аралығында кейбір қалаларда 1 теңгеге қымбаттаған.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.