Тағам консерванттары мәйіттің ыдырауын баяулата ма?

1991 жылы Weekly World News басылымы “Зиян тағамдар америкалықтардың мәйітін түймедақтай балғын етеді” деген тақырыпта мақала жариялады. Онда “Әлемдегі жерлеу бюросының менеджерлері қабірдегі америкалықтардың мәйіті ыдырамайтынын, оған олардың тірі кезінде тағам консерванттарын жегені себеп болғанын мәлімдеді” деп жазылған. Snopes деректі тексеріп көрді.

Уақыт өте келе, бұл ақпарат бұрмаланып, басқа нұсқада да тарай бастады (мұнда, мұнда, мұнда). Біреуінде 2008 жылы Der Spiegel деген неміс журналына шыққан мақала сөз етілді. Ол мақалада Германияның Киль қаласындағы Кристиан Альберхт университетінің ғалымы Роберт Хорнның зерттеуі баяндалған.

Хорнның тобы шынымен-ақ неміс зираттарындағы мәйіттердің ыдырамай жатқанын, керісінше балауызға айналып бара жатқанын анықтаған. Ғалымдар кеңінен тарап жатқан бұл қорқынышты процесс назардан тыс қалмауы керек екенін жеткізген.

Бұл жер қойнауының жоғары деңгейде ылғал болғанының, температураның төмен және оттегінің аз болғанының салдары. Бұл жағдай жұмсақ тіндерді қарашірікке емес, “ақ-сұр, паста тәріздес жұмсақ массаға айналдырады”, – деген Хорн мақаласында.

Алайда Хорн мақаласында тағам консерванттары кесірінен мәйіттің ыдырауы баяулағанын айтпаған.

Бұл идея 2012 жылы “Заманауи аңыздар” деген басылымда теория ретінде ғана жазылған. Бірақ оны растайтын сенімді ғылыми негіздер мен дәлелдер жоқ.

“Қабір балауызының» жиналуы табиғи ыдырау циклін бұзып, жерлеу органдары үшін ауыр жағдай туғызды. Денелер ыдырамаса, олардың қабірлерін қайта пайдалануға болмайды (Германияда кең тараған тәжірибе). Көп елде қайтыс болған адамның қабірі мәңгі сақталса, Германияда зираттар 15-20 жылдан соң қайта қолданылады. Олардың тәжірибесі бойынша, қолайлық топырақ бар жерде осы уақыт ішінде қайтыс болған адамның денесі толық шіриді”, – делінген мақалада.

Батыс Каролинадағы антропология университетінің доценті, директоры Николас Пассалаква да тағам консерванттарының мәйіттің ыдырауына әсер ететініне ешбір дәлел жоқ екенін мәлімдеді.

Пассалакваның айтуынша, неміс ғалымдары 2008 жылы өлгендердің тірі кезіндегі диетасының өлген соң денесінің ыдырауына әсерін емес, топырақтың сипаттамалары, температурасы мен құрамы, ылғал мөлшері туралы айтқан.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz