Жасанды интеллект обьективті жаңалық жазуды үйренді

Қытай, Үндістан, Канада және Аустралия зерттеушілері мақаланы барынша обьективті ететін Python пакетін (Python — бағдарлама тілі) жасады. Бұл туралы SecurityLab сайты хабарлады.

Debian деп аталатын жүйе мәтінді объективті болғанша түзейді. Мәтінді тексеру үшін Debian арнайы үш сатылы жұмыс процесін құрып, мәліметтер базасын қолданады.

Бірінші кезеңде жүйе мәтіннің қаншалықты нейтралды жазылғанын анықтайды. Оны анықтау үшін Google компаниясының нейрондық желі моделімен жұмыс істейтін DistilBERT пакетін қолданады.

Екінші кезеңде Named Entity Recognition (NBAR) көмегімен объективті емес сөздерді анықтайды.

Ал үшінші кезеңде жүйе объективті емес сөздер мен сөз тіркестерін арнайы MLM моделі арқылы жояды.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz