Жалған және манипуляция | Назарбаев АҚШ-тағы сайлау туралы

25 қарашада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan басқарушы партиясының съезі кезінде Қазақстан демократиясын АҚШ және Еуропа елдерінің демократиясымен салыстырды. Пікірлердің кейбіріне күдікпен қарадық, әсіресе Назарбаев АҚШ-тағы сайлауға ЕҚЫҰ жіберілмегенін, сондай-ақ демократтар республикашылардың бақылаушыларын кіргізбегенін мәлімдеді. Осындай маңызды саяси мәлімдеме бірден БАҚ-та тарап кетті, тексереміз.

Дисклеймер: бізге дейін бұл пікірді «Азаттық радиосы» журналистері тексерген, екі редакция журналистерінің қорытындысы ұқсас.

Мәлімдеме: «Несін айтамыз, қазір АҚШ-тағы сайлауға ЕҚЫҰ-ны мүлдем жібермеді. Демократтар республикашылардың бақылаушыларын кіргізбеді, т.т. Үлкен мемлекеттің сыншылары дұрыс емес, егер бізді сынға алса, өздерінде неге сондай тәртіпсіздік болып жатыр? Екіжақты стандарттар да бар»

Нұрсұлтан Назарбаев

Үкім: Жалған және манипуляция

Қазақстанның тұңғыш президентінің пікірі шындыққа сай келмейді. АҚШ-тағы сайлауды бақылайтын халықаралық миссияның құрамында 39 елден келген 102 бақылаушы, оның ішінде 50-і ДИАҚБ сарапшысы мен бақылаушысы, сондай-ақ 52 парламентарий мен ЕҚЫҰ қызметкері болды. Республикашылардың бақылаушыларын кіргізбеді деген пікір ақпаратты бұрмалаудан пайда болды.

Толығырақ

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюроның бақылаушы миссиясы АҚШ-тағы сайлауда болды, тіпті 3 қарашадағы сайлау коронавирус пандемиясына байланысты қиындықтар туындаса да бәсекелестікпен өтті әрі жақсы ұйымдастырылған деп мәлімдеді.

Бұдан бөлек ЕҚЫҰ Дональд Трамптың сайлауға дейінгі және сайлау кезіндегі пікірлерін сынға алды. Ресми есепте Трамптың әрекеті былай деп бағаланған (11-12 бет):

Жалған және манипуляция | Назарбаев АҚШ-тағы сайлау туралы

Кейбір жағдайларда, оған (Трампқа) билікті бейбіт жолмен беру міндеттемесін аласың ба деп сұрағанда, президент бұл әрекеттен бас тартты, осылайша сайлау қатысушылары арасында демократиялық процестің осы орталық аспектісінің тұтастығына қатысты алаңдаушылық туғызды. Президенттікке үміткер адамның мұндай мәлімдеме жасауы қоғамның демократиялық институттарға деген сенімін азайтып, сайлау нәтижесінің заңдылығын жоққа шығаруы мүмкін еді.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Сондай-ақ ДИАҚБ үйлестірушісі Майкл Георг Линк Дональд Трамптың сайлаудағы қарсыласы демократ Джо Байденге айтылған айыптауларын негізсіз деп есептейді.

Ал республикашыл-бақылаушыларды демократтардың дауысты есептеуге қатыстырмағаны Дональд Трамптың даулы мәлімдемелеріне және соның тәртіп бұзу туралы шағымдарына негізделген. Трамп шынында көп арызданды, бірақ олардың көпшілігін сот қабылдамады. Оның ішінде шағымды АҚШ-тың аппеляциялық және Жоғары соттары қабылдамады. Негізге алуға болатын жалғыз жағдай – бұл Филадельфияда республикашыл-бақылаушыларды дауысты есептеу үшін стөлге жақындатуды талап еткен шағым (қабылданған). Басқа негіз жоқ. Сол себепті біз Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл пікірін манипуляциялық деп бағалаймыз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz