Жалған | Түркіменстанда денеге жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салды

26 сәуір күні Tengrinews жаңалықтар порталы «Альтернативные новости Туркмении» порталының ақпаратына сүйене отырып, Түркіменстанда жабысып тұратын көйлек киюге тыйым салғаны туралы материал жариялады. Олардың айтуынша, көйлектер әйелдің мүсінін толықтай жасырып тұруы керек. Ұзындығы жерге тиіп жүрсе, жеңі саусақтарға дейін жетуі тиіс екен. Жаңалықты әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салды. Біз ақпараттың рас-өтірігін анықтап көрдік.

Фейк о запретах в Туркменистане

Үкім: Жалған

Түркіменстан – жабық ел және адам құқығын қорғау тұрғысынан даулы мәселесі көп. Бірақ, БАҚ-та тараған ақпарат тексерген кезде шындыққа жанаспады.

Біз ашхабадтық «Будь красивой» әйелдер киімі дүкеніне хабарластық (мекен-жайы: Ашхабат қ. ВДНХ, 1 қабат, №2 дүкен, тел. (993 65) 81 85 28). Мекен-жайы мен байланыс нөмірін Turkmenportal сайтынан таптық.

Тұтқаның арғы жағындағы тұрғын бізді киімге қатысты ешқандай тыйым салу болмағанын және қыздар, бұрынғыша, өз талғамына сай киінетіндігін айтып, сендірді. (Әңгіменің аудиожазбасы редакцияда бар.)

Мәліметті нақтылау үшін Түркіменстанның текстиль қызметкерлері күніне арналған Çeper eller («Шебер қолдар») стильді киім дизайнерлері байқауының ұйымдастыру комитетіне хабарластық. Іс-шара 2018 жылдың 28 мамырында өтеді.

Фейк про облегающие платья в Туркменистане

Ұйымдастыру комитеті де бізді қуантты: «Денеге жабысып тұратын киімге тыйым салынған жоқ. Әйелдер бұрын қалай киініп жүрген болса, қазір де солай киінеді…» (Бұл әңгіменің де аудиожазбасы редакцияда бар).

Заманауи қалалық түркімен қыздарының қалай киінетінін білу үшін әлеуметтік желілерді де «ақтарып» көрдік. VK әлеуметтік желісіндегі Turkmenistan Limited парақшасындағы суреттерге қарасақ, Қазақстан мен Түркіменстан қыздарының киінуінде айырмашылық аз. Бірақ парақшадағы суреттердің иелері белгісіз болғандықтан, қыздарды геолокация бойынша  іздедік. Мекен-жайын Ашхабат деп көрсеткен қыз-жігіттердің  VK парақшаларындағы суреттер олардың заманауи өмір сүретіндерін айғақтап тұр.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz