Хакерлер Ұлыбритания әскерінің желідегі аккаунттарын бұзды

Хакерлер Ұлыбритания әскерінің YouTube пен Twitter желісіндегі аккаунтына шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеп, Deutsche Welle (DW) сайты хабарлады.

Хакерлер әскердің YouTube арнасының атауын өзгертіп, парақшаға криптовалюта туралы видеолар жүктеген. Ал Twitter парақшасына NFT токендері туралы ақпарат жариялаған.

DW мәліметінше, қазіргі уақытта шабуыл жасалған аккаунттар қалпына келтірілді.

DW ақпаратына сай, Ұлыбритания әскерінің Twitter парақшасына 360 мыңнан астам адам, YouTube арнасына 177 мың қолданушы тіркелген.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz