Хакер Clubhouse қосымшасына шабуыл жасап, жеке ақпараттарды ұрлады

Өткен аптада белгісіз адам Clubhouse қосымшасының “бөлмелерінен” аудио хабарламаларды ұрлады. Бұл туралы Bloomberg сайты әлеуметтік желі баспасөз хатшысы Рим Бахнасидің мәлімдемесіне сілтеп хабарлады.

Bloomberg дерегінше, шабуылдаушыны желі әкімшілігі бұғаттаған. Әзірше хакердің кім екені белгісіз. Алайда Clubhouse әңгіме жазбаларын сақтайтыны белгілі.

Былтыр қараша айында Group-IB сарапшылары хакерлер жиі шабуыл жасайтын елдерді атады. Бұл тізімде Қытай, Иран, Солтүстік Корея және Ресей көш бастап тұр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz