Тоқаевтың Дубайдағы арнайы экономикалық аймақ туралы айтқаны: шындық әлде жалған?

24 қаңтар күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше тапсырма берді, оның ішінде арнайы экономикалық аймақ жұмысының тиімділігін тексеруді тапсырды. Мысал ретінде мемлекет басшысы Дубай қаласындағы «Джебель Әли» АЭА-ғын атап өтті.

«Мысалы, Дубай қаласындағы «Джебель-Әли» АЭА  ЖІӨ-нің 25%-ын,  қала экспортының  50%-ын және  БАӘ тікелей инвестициясының 20%-ын құрайды», – деді Тоқаев.

Factcheck.kz президент мәлімдемесін үш бөлікке бөліп, тексерді.

«Джебель-Әли» АЭА ЖІӨ-нің 25%-ын құрайды»

Үкім: Жартылай шындық

АЭА ресми сайтында осы материал жарияланған күні Дубайдың «ЖІӨ-не қосқан үлесі» 23,8% деп көрсетіліп тұр. Теориялық тұрғыдан «23,8» санын «24» деп дөңгелектеуге болады. Сонымен қатар, көрсеткіштерді сол қалпында бермесе, одан да тұрпайы сандармен дөңгелектеуге болады.

Есте сақтауға және әдемі көріну үшін, әсіресе журналистік және публицистикалық тілде 23,8%-ды 25% (яғни 100-дің төрттен бірі) деп дөңгелектеп беруге болады, шынайы санға қарағанда 25-ті есте сақтау оңай. Сонымен қарай журналистика мен публицистикада 23,8%-ды 25%-ға дейін дөңгелектеу үшін «шамамен», «жуық», «аса» деген тіркестер қолданылады.

«Джебель-Әли» АЭА  Дубай экспортының 50%-ын құрайды.

Үкім: Шындық

2017 жылы шыққан «Middle East and arabic countries free trade, economic zones, law and regulations handbook» анықтамалық кітабында әлемде ең жылдам дамып жатқан АЭА осы «Джебель-Әли» екені  және «соңғы төрт жыл ішінде» «Дубайдың жалпы экспортының 50%-дан астамы» осы АЭА-қа тиесілі екенін жазылған.

Дубай қаласындағы «Джебель-Әли» АЭА  БАӘ-нің 20% тікелей инвестициясын құрайды.

Үкім: Шындық

Дәл сол анықтамалық кітапта соңғы төрт жылда шетелдік тікелей инвестиция кірісінің (FDI)  20%-осы АЭА-қа тиесілі екені айтылған.

(2) және (3) бөлімдерге қосымша:

Мәлімдеме 2020 жылы жасалды, ал кітап 2017 жылы жазылған. Сол себепті қате кетуі мүмкін, дегенмен біз ашық дереккөздерден басқа мәлімет таппадық және қолда бар ақпаратпен қорытынды жасадық.

Қорытынды:

Президент Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында келтірген мысалы, жалпы шындыққа сәйкес келеді. Сұрақ, кейде жол беруге болатын тек тұрпайы дөңгелектеуге байланысты ғана туындауы мүмкін, бірақ біздің ойымызша, оны нақтылау керек. 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz