Telegram жарнама функциясын сынақтан өткізіп жатыр

Telegram мессенджері желі каналдарында жарнама функциясын сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы 3dnews.ru сайты хабарлады.

Жарнама посты мәтін мен батырмадан тұрады. Оны басқан соң жарнама берушінің сайтына немесе каналына өтесіз.

Ал жазбада «sponsored», белгісі арқылы, яғни, жарнама берушінің ақша төлеп жазба жариялағаны көрсетіледі. Қазіргі уақытта 1000-нан астам оқырманы бар каналдарда жарнама шығып жатыр.

Telegram жарнама хабарламасы туралы аннотацияда басқа платформалар сияқты қолданушы жайлы деректерді жинамайтынын ескерткен. Яғни, реклама таргеттелген болмайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz