“Спутник лайт” вакцинасының орнына AstraZeneca пайдаланғаны рас па?

Instagram әлеуметтік желісінде ресейлік “Спутник Лайт” вакцинасының орнына Еуропада “шектеу” қойған AstraZeneca вакцинасын өндіріп жатыр деген ақпарат шықты. Аз уақытта хабарлама резонанс тудырып, халық арасында әртүрлі қауесет тарады. Сонымен қатар, бұған “Спутник Лайт” вакцинасының Қарағандыда құйылатындығы туралы тағы бір ақпарат тұздық болды. Осы орайда Factcheck.kz сайты бұл ақпаратты тексеріп көрді.

Ресей денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайты! “Спутник Лайт” вакцинасы Еуропада шектау қойған AstraZeneca вакцинасы екен.

Instagram-дағы хабарлама

Үкім: Манипуляция

Біріншіден, суреттегі ақпарат Ресей денсаулық сақтау министрлігі емес, Дәрілік заттардың мемлекеттік тізімінің (Государственный реестр лекарственных средств) сайты, яғни ақпарат осы тұстан бұрмаланған.

Түсінірме: Төменгі екінші суреттегі таблицаны қарасақ, біріншісінде дәрілік заттың атауы (Наименование ЛП), екіншісінде клиникалық зерттеу жүргізетін ұйымның (Организация, проводящая КИ) атауы жазылған. Одан бөлек зерттеудің басталуы және аяқталу уақыты жазылған.

"Спутник лайт" вакцинасының орнына AstraZeneca пайдаланғаны рас па?

Екіншіден, ресейлік Спутник V вакцинасы мен ағылшын-швед AstraZeneca вакциналары 2020 жылы 10 желтоқсанында екіжақты келісімге келген. Келісім бойынша, екі вакцинаның комбинациясын жасап шығарып, ересектер арасында зерттеу жүргізу бағдарламасын жасаған.

Осы орайда, Ресейдегі дәрілік заттардың мемлекеттік тізімінің ресми сайтында “Спутник Лайт” вакцинасы мен AstraZeneca вакцинасының арасындағы зерттеу ресми түрде тіркелген. Зерттеу 26 шілдеде басталған, 2021 жылдың 3 наурызында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ал “Спутник Лайт” вакцинасының Қарағандыда өндірілетіндігі туралы ресми ақпарат шыққан жоқ. Тек ҚР Денсаулық сақтау минитрлігі 12 шілде күні “Спутник Лайт” вакцинасын ресми түрде тіркеді. Бұл – елімізде тіркелген бесінші вакцина.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz