Shyndyq подкаст #2.17 | «Пандемияда журналистерге қысым күшейді» — Ғ.Әженова

Shyndyq подкасының екінші маусымын жалғастырамыз. Бұл маусымда біз назарды вакцина саясаты һәм адам құқықтарына аударатын боламыз. Сонымен қатар, біздің басты бағытымыз – жалған ақпарат пен манипуляция тақырыбын да қамтимыз. Өткен эпизодта медиадағы этика және аударма мәселесі жайында сұхбаттасқан болатынбыз. Осы жолғы қонағымыз – Ғалия Әженова, медиа-сарапшы. Подкастың тақырыбы – пост-пандемия тұсындағы журналистің құқықы жайында болмақ.

Жансерік: Сәлем достар! Қайырлы күн! Shydyq подкастының кезекті эпизоды. Сіздермен қауышқанымызға қуаныштымыз. Жүргізуші әдеттегідей Жансерік Тілеухан. Бүгін қонақта халықаралық “Әділ сөз” журналисттерінің құқығын қорғау ұйымының, жалпы журналисттер емес адамның құқығының қорғау ұйымының сарапшысы — Ғалия Әженова. Ғалия апай, қош келдіңіз!


Ғалия: Сәлеметсіз бе?


Жансерік: Сізге алғысымызды айтамыз, келіп, уақытыңызды бөліп бізге, ақпаратпен бөлісетініңізге. Енді бізде білесіз пандемия басталғалы бері біраз өзгерістер ұшырап жатыр әр салада пандемияға байланысты. Біреулер кері кетіп жатыр, біреулер алдыға деген сияқты. Пандемияның зардабы әр салаға әсер етіп жатыр. Бизнеске болсын, басқасына болсын. “Шекарасыз репортёр” деген бар халықаралық журналисттерінің сөз бостандығының рейтиңін жасайды. Сол рейтинг бойынша бізде дәл қазіргі уақытта, мен жаңа ғана қарадым 180 мемлекеттің ішінде 155-ші орындамыз. Сөз бостандығы бойынша Қазақстан. Енді қалай ойлайсыз пандемия осы адам құқықтары, оның ішінде адам құқықтарына әсерін тигізе алды ма әлде сол бұрынғыдай болып қалды ма?


Ғалия: Әрине. Пандемия деген қазіргі мынау соңғы бір жарым жыл астам уақыттан бері көптеген салаға әсер етті деп өзің айтып жатырсың иә? Журналисттер осындай жағдайда олар ең бірінші атакаға шығатын адамдар деп айтуға болады.

Медицина саласының қызметкерлері, содан кейін болып жатқан жағдайды халыққа жеткізіп, дұрыс ақпарат беріп, дұрыс ақпаратты тексеріп барып оны алып, тиісті министрлік, тиісті лауазымды тұлғалардан, медицинаға тікелей қатысты үлкен лауазымды кісілерден нақты ақпараттарды алу арқылы хабардар ету ол журналисттің міндеті былай өмірде.

Бірақ пандемия кезінде, жұрт паника болып жатқанда, қорқып жатқанда, далаға шықпаңдар немесе маска тағыңдар немесе көпшіліктің ортасына бармаңдар, қонақтықты тыйыңдар, әрлі-берлі шықпаңдар, тіпті басында саябақтардың өзіне іліп қойды ғой кірмеңдер деп. Яғни біз айттық енді адам ретінде пәтерде отырған адамның денсаулығы, иммуниттеті қалай түзеледі деп жұрттың барлығы сұрақ қойды. Журналисттер де сұрады. Адамның имуниттеті қалай түзеледі, қалай жақсарады егерде адам үйінен шықпай отырса. Ол саябақта жүрмесе, ол әрлі-берлі жүгірмесе немесе жаттығулар жасамаса, адам өзіне-өзі қарамаса деген сияқты. Осындай жағдайда журналисттерге өте қиын болды. Олар біріншіден өздерінің қызметтік куәліктерін тасып жүрді, ол енді күнделікті ғой. Содан кейін жеке куәліктерін алып жүрді. Ол аз болғандай көліктеріне нөмерлеріне дейін түгендеп, оны әкімшілікке хабарлап, оны жұмыстағылар әкімшілікке тізім жіберіп, содан жұмыспенен қолында қағазы бар мына кісі мынандай жерге интервьюерге бара жатыр деген бас редакторының қолын қойған қағазы бар, бағыттамасы бар, тапсырмамен келе жатқан журналисттерге кедергі жасап, сіздерге жеке-жеке админстрациядан, әкімшіліктен әрбіреуіңе фамилияларыңыз жазылған қағаз болу керек деген шектеулер болды. Яғни журналисттер осы жағдайда өте көп кедергілерге тап болды. Жұмысын дұрыс атқара алмады. Ең бірінші журналисттердің қызметі ол және заңдарда көрсетілген, ол және конституцияларда да көрсетілген. Журналист басқа да азаматтар сияқты ақпаратты іздеуге, сұрастыруға, алуға оны өңдеуге және оны заңды жолдармен таратуға құқылы делінген иә? Ал журналист біздің жағдайда дұрыс жұмысын атқарудың орнына осындай қолдан жасалған кедергілерге тап болды. Яғни оның қолында тапсырмасы болса, жеке қызметтегі куәлігі болса, өзінің жеке куәлігі болса, оған тағы 5-6 қағаз несіне қажет? Бұның барлығы нені көрсетеді?

Жалпы осы пандемия кезінде журналисттерге өте қатты қатігездікпен қарау ол жалпы біздің мемлекеттегі журналисттерге деген саясаттың дұрыс еместігі. Журналисттерді және бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауға алуға тырысуды, бұрыннан журналисттерге дұрыс ақпарат бермей келе жатқан биліктің одан сайын қысуын көрсетті бұл.

Бұны тек сөзбен ғана емес, мен былай айтайын, мәселен брифинг кезінде артынан онлайн брифинг болды ғой иә? Мәселен бір ай, екі ай, үш ай премьер министрді күтеді. Көптеген жиналып қалған сұрақтарға жауап береді. Брифинг кезінде ең болмаса осындай сұрақтарға жауап алып қалуға тырысады ғой журналисттер. Сол кезде оларға шектеу қойды. Ол шектеу қалай? Сұрақ ұнамаса микрофонды өшіріп тастау, басқа біреуге теперь вы следующий деп сөйлеу, пресс-релиздерді тек қана орыс тілінде тарату, бірақ жаңағы кәдімгі өзінің лауазымы бар ұлттық тілде таратуды қазақ тілді журналисттер айқай шумен алып отырды. Яғни, осы жағдайда қазақ тілді пресс-релиздер үнемі артта қалып, үнемі қазақ тілді журналисттер өздерінің хабарларын кейін таратып отырды. Олар өздерінің көрген білгенін әрине жазып үлгереді, бірақ кейбір фактаждар пресс-релизде болады ғой. Мынанша адам, мынаншасы жазылып шықты, мынаншасына жедел жәрдем сол бойда көмек көрсетті, мынандайлары қамтамассыз етілді деген сияқты. Сол сан, цифрларды көрсету мақсатында журналисттер кедергі болады. Бірақ өкінішке қарай бізде қазір жауапкершіліктің болмауы басым, білімсіздіктің болмауы басым, себептің орнына сылтау айтып кету басым, жауап берудің орнына әйтеуір қандай да бір сылтау тауып журналисттен құтылу басым. Біз осы пандемияда әбден соны көрдік.


Жансерік: Енді қараңыз, мына нәрсені айтып өтейік. Пандемия кезінде журналисттерге шектеу көп болды деп. Мысалы зуммен онлайн брифинг болса, ол жерде өздеріне керекті ыңғайлы сұрақтарды алып отырды да, ыңғайсыз сұрақ болғанда «келесі, келесі» деп өзгертіп отырды. Енді бұл электронный шектеу былай айтқанда. Бізде мынандай шектеулер болды тағы бір. Пандемия басталған кезде біздің бас санитарымыз ауруханадағы, басқа да денсаулық сақтау ұйымдарындағы мекемелердегі журналисттер фото, видео түсіруге шектеу тастады. Білесіз иә оны өзіңізде? Енді халыққа көзбен көру керек болды, шыны керек біреуден естіп, короновирус пайда болыпты деп, пик кезінде, әлі күнге дейін сенбейтіндер бар. Мысалы сол кезде айтты да, қайсы бар ма короновирус, туысқаның бар ма, сенікі бар ма жоқ, значит жоқ деп олар көзбен көрмегеннен кейін, жақыны ауырмағандықтан кейін солай да.


Ғалия: Иә бәріміз уже 1 ай өтті, 2 ай өтті әлі тыныштық иә? Содан кейін жұрт бір-бірінен шынымен де сұрай бастады осы әңгімені. Сенің туысың Аллаға шүкір жоқ. Туысыңның туысы жоқ, олардың құдалары жоқ, құдалардың таныстары жоқ, олардың көршілері жоқ, таныстарының таныстары, өзге қалада тұратын, өзге облыста тұратындар жоқ. Содан жұрт рас па, өтірік пе білмеді. Ал енді халық білу керек қой. Келіп қалғанын білу керек, аурулардың бар екенін білу керек, ол науқастар қиын өмір сүріп жатқанын білу керек, қиын жағдайда екенін білу керек қой. Сол арқылы да алдын-алуға болатын еді. Бірақ біз соны істей алмадық.


Жансерік: Жоқ енді осы шектеу халық арасындағы коронавирусқа сенбестікті конспирология көп жүрді ғой, жалған ақпараттар, фейк ақпараттар. Соның үдеуіне үлесін тигізді ме? Қалай ойлайсыз? Халық шынымен шектемесе, журналисттер барып ауруханада видео, сьемка түсірсе?

Ғалия: Жоқ, ауруханаға барып түсіре алмайды ғой. Өзі мынандай пандемия кезінде, коронавирус кезінде журналисттерге бір белгілі шектеулер мен белгілі бір картинкалар, білгілі бір видеолар, белгілі бір суреттер бәрін жапатармағай, опыр-топыр кіргізу емес грязный зонаға, лас зонаға. Бірақ сондай бірнарсе істелінбеген ғой, дайындалмаған ғой. Халық білсін, сақ жүрсін, сөзбен емес, дәлелдеп көрсетейік. Әрең демала алмай жатқан адамды емес, аппаратта жатқан адамды алыстан, бетін нақты көрсетпей, оның өзінің заңдылықтары бар, адамның қиналып жатқанын, қатты қиналып, өлім мен өмірдің, өлімге жақынырақ жатқанын көрсетуге болмайды. Адамдарды қатты шошындыруға болмайды. Ол- этика. Бірақ жалпы осындай аппараттар алынып жатыр немесе жетпей жатыр. Адамдар газовой болондарды алып кетті ғой. Сұмдық емес пе? Бірінші күндері. Ал соның барлығын халық біліп отырса нақты шынайы тексерілген ақпарат болса жасыру емес.

Сіз қараңызшы, біз бала кезімізде аспанда самолет ұшып бара жатады ғой, ойынымызды қоямыз да бәріміз самолетқа қарап самолет,самолет мені алысқа өзіңмен бірге алып кетші деп орысшалап, алып кетші мен сенімен бірге ұшқым келеді, сен қалай ұшасың деп айқайлап сөйтіп тұрып қалатынбыз. Ана самолет ұшақ ұшып кеткенше. Ұшақтың артынан ізі қалатын. Ол ізбен бізді улап жатыр, у шашып жатыр деген әңгіме мүлдем жоқ, ондайды ешкім ойламайды. Себебі мемлекетті өзіне қарсы қызмет жасайды деп ойламайды ғой ешкім.

Енді қараңызшы, қазіргі конспирологияның бірі ұшақ ұшса артында кәдімгі табиғи ізі қалса олар бізді ауадан улап жатыр. Енді қараңызшы, жарайды оқымаған, мүлде ауылдан шықпаған, ешқашан оқымаған, не то что жоғары білімі, 4 класс білімі жоқ адамдар айтса бір жөн дейсің ғой. Оқыған адамдар айтып отыр. Дәрігер адамдар айтып отыр. Ал ол үшін жоғарғы білім қажеті жоқ. Алдында да ұшақтар ұшты. Алдында да арттарынан із қалдырды. Неге біз сол кезде улап жатыр деп айтпадық, пандемияға дейін неге айтпадық? Яғни халықтың топастығы, халықтың білімсіздігі осы шектеулердің кесірінен журналисттерге жол бермеудің кесірінен, журналисттерге айтқызбауының кесірінен, оларға жасырудың кесірінен халық одан сайын топастана түседі. Ол кәдімгі қолдан жасалған кедергі.


Жансерік: Енді қараңыз, бізде мынандай бір проблема бар сияқты. Мысалға халық арасында, халыққа міне деп ресми ақпарат көрсетсең, міне тұр, мынаны қарап оқы, мына сайттар бар көрсетсең халық сенбейді оған. Оған қарағанда халық мына тұста сенеді. Біреу келіп, туысқаны келіп айтады менің кеше таныс дәрігерім айтты осындай-осындай деп жатыр, коронавирус шынымен сондай екен, оказывается бізде балалар арасында өтірік көбейтіп жатыр, бәріне Pfizer вакцинасын салдыру үшін деген сияқты сыбыстарға сенеді да халық. Сондықтан вакцинаға қарсы шығып, үйде отырып мемлекетті сынап дегендей болады.


Ғалия: Жансерік, бізде былай ғой. Бізде орта жолда, енді ешкім ренжімесін, жақсылықтар болған жоқ демеймін, болды шүкір. Мәселен жастарға көптеген мүмкіндік, оқуға, таңдауға, таңдай аласың. Жағдайыңды әке-шешең көмектесіп жасаса, кез-келген қалаға барып тұра аласың, кез-келген оқуды өзің шетелді айтпай-ақ қояйын, өзіміздің елде өзің таңдаған оқуыңды өз еңбегіңмен түсіп немесе өз еңбегіңмен түсе алмасаң әке-шешең көмектесе алса ақша төлеу арқылы, бүгінгі мүмкіндік бұрынғы мүмкіндікке қарағанда өзгешелеу. Яғни таңдау бар. Осындай жағдайда сіздер сияқты көзі ашық, көкірегі ояу жігіттер ондай конспирологияға, өтірік жалған фейктерге сенбейді. Кім сенеді? 30 жылда оқымаған, тоқымаған, қараусыз қалған халық көп, оқусыз қалған, мектептен 8-класс, 9-класс бітіргені немесе даже мектепті бітіріп, аттестат алған адамдар бар. Қалай алды ол сізге де, маған да беймәлім.


Жансерік: Енді қараңыз бағана өзіңіз айтып жатырсыз, дәрі-дәрмек тапшылығы болды, қарапайым мысалға ИВЛ аппараттардың тапшылығы болды ауамен демалатын. Енді оларды жарайды, олар мемлекеттің ісі. Бірақ енді ақпараттық азшылық пайда болды бұл жерде плюс. Ол да бір үлкен зиян. Білесіз, ақпарат діттеген жеріне жетпеді. Халыққа түсіндермелі жұмыс жүрмеді. Сөйтіп халық короновирустың көбейген кезінде ақпараттық азшылық кезінде сол институттар өздері қолдан жасады. Яғни ақпарат бір-біріне ақпарат алмасумен болды. Мемлекет бере алмаған ақпаратты өз-өздеріне берді. Сол кезде конспирология көбейіа кетті. Фейк ақпараттар көбейіп кетті короновирусқа деген битсең емдейді екен, сөйтсең емдейді екен, анау-мынау деген ақпараттар көбейіп кетті.

Ғалия: Менің ойымша бұл жағдайда жаңа менің айтайын деп отырғаным осыны ең бастысы мынандай қиын жағдай келіп төңгенде мемлекеттен екі тілде, қазақша-орысша әдемілеп, қарапайым тілмен халыққа сенімді ақпаратты түсіндірудің шықпағанына таң қаламын. Ол бір үлкен бригада болу керек қой. Яғни Атырау облысында бір бригада, екі бригада, Ақмола облысында 5-6 бригада, Алматыда көп болды ғой, келуші де, кетуші де көп. Алматыда 10 шақты бригада. Шымкентте, Ақтауда жан-жақта бір адам емес, екі адам емес кәдімгі бар ғой протокол бойынша түсіндіретін адамдар болмады ғой. Сосын сол дәрі-дәрмектердің жетіспеуі, сол дәрілердің қоймада тұруын қалай түсіндіресіз? Яғни мына екі параллельді өмірде өмір сүргендейміз біз. Екі параллельді әлем, бір параллельді әлем бізге нұсқау береді, сөйтіңдер, бүйтіңдер, жабыңдар, кедергі дасаңдар, тоқтатыңдар дейді де жоғарыдағылар, қолдарында механизмі бар, ресурсы бар, ақша бар, түгел билік бәрін қолына ұстап отырған жоғарыдағы әлем және мына жақта қарапайым өзімен-өзі бықсып, бір-біріне өтіріктерді сыпыртып жатқан халық. Бірақ өтірік екенін білмейді олар. Өкілдер шығып, бастан аяқ, тәптіштеп, түсіндірмеген соң фейктер пайда болды. Сол фейкқа міне қараңызшы мен мәселен денсаулық сақтау министрлігінің өкілі болайын иә? Мен бүгін қарап отырмын, мынандай фейк шығыпты, ол өтірік қой мен білемін ғой, неге ерте сол бойда, 1 сағаттан кейін жылдамдатып шығып, мынаның өтірік екенін неге мен видео арқылы, өзімнің білімім арқылы, ертеректе болған инфекциялық ауруларды салыстыру арқылы бұрыңғы халера кезінде, басқа кезінде адамдарды қалай оқшауландырған неге соны сол бойда эфирге шығып арналарда неге таратпаймын? Егер менің қолымда билігім болса және мен екі тілде жақсы білсем, мен кәсіби медик болсам және мен инфекционист болсам, мына жағдайды от и до түсініп отырсам, мына жақта мынаның фейк екенін білсем неге мен күнде шығып отырмаймын эфирге? Көрдіңіз бе, яғни мемлекет пен халықтың арасында сенімді ақпарат болмады. Ол ақпараттар бірінші өкілеттер болмады, екінші журналисттерге ең болмаса сол шындыққа жақын ақпаратта бермеді. Соның кесірінен журналисттер не айтарларын білмеді. Әйтеуір күнде бір айқайды естідік. Журналисттерге бермей жатыр, ақпараттарды жасырып жатыр, санын жасырып жатыр, бір санында 82, екінші санында 820 деген сияқты. Сондай біріне- бірі қарама қайшы ақпараттар көп болды. Адамдар ондай ақпараттан қорықты. Яғни қорқу паника бар жерде адамның денсаулығы жақсармайды ғой.


Жансерік: Енді бағана журналисттерді шектеп жатыр құқығын осы пандемия кезінде біраз шектеулерге ұшырады деп жатырмыз. Енді осыған байланысты ма білмеймін әйтеуір 30-қыркүйекте сенатор, бұрынғы экс журналист, қазір журналистикада бар ма жоқ па білмеймін Нұртілеу Жүсіп «журналистің мәртебесі» туралы бір заң ұсынды. Журналисттердің құқықтарын қорғайтын, не істей алады журналисттер, не істей алмайды деген сияқты сондай бір анықтап беретін. Заңды ұсынды. Енді осындай керек пе қалай ойлайсыз? Бұндай заң журналисттер мемлекетке одан әрі таңып беретін заң ба?

Ғалия: Жоқ, менің ойымша, бұл жеке пікір. Менен біраз журналисттер әсіресе тәуелсіз журналисттер келіспеуі мүмкін. Мен айтайын шамамен енді 20 жылға жуықтап қалды ғой, 20 жыл журналистикада одан кейін міне 19 жыл құқық қорғаушылықта. Журналисттердің құқықтарын қорғауда жүрмін. Содан енді білмеймін, қазір есімде жоқ. Білмеймін 500 тренинг өткізген шығармын. Өйткені көп жерге шақырылдым, көп жерде жүрдім және университеттерде де сабақ бердім. Сол мастер класс бәрін есептеген кезде осы Медианеттің өзінде де жұмыс істедім, жұмыс жасағанда шақырылып, тренинг оқып жүрдім. Сонда енді ойлаймын 500 шығар кем дегенде. Айтайын дегенім, журналисттердің жалпы БАҚ саласында істейтін қызметкерлерінің қай уақыттада кездесіп қалған кезде айтатын мәселелерінің бірі- Ғалеке бізде неге мәртебе жоқ? Нұртөре өзінің ойында болды ма жоқ па білмеймін, бірақ ол журналисттердің мұң-мұқтажын жеткізді. Осындай заң қабылдайық дегенде. Неге? Қараңыз, мен Оралдан, алыс шалғай Касталовка жақта жатқан Ресеймен шекаралас жерлермен мәселен сол жақтан немесе Зерендіден ешқашан жасы жиырмадан асқан бірақ өмірінде поезд көрмеген жігітті, Семейдің анау шекарасынан, Панфиловтын анау шекарасынан, яғни алыс шалғайда жатқан журналисттерді жинаймын, жинауға тырысамын. Көрмеген, білмеген, бірақ журналист. Ауылдық газетте істейді,аудандық газетте істейді, журналистикада оқиды, бірақ қиын-қыстау кезінде қайда шықсын. Ауылда тұрады, ешқашан поезд көрмеген, ұшақты тек ауадан көрген, тек қана аспаннан көрген, бірақ ешқашан отырмаған. Алыстан Зерендіден мәселен қасында тұрған Бурабайға жетпеген, Бурабайдың бір ауылында тұратын жігіттер Астананы көрмеген. 2009-да Астананы көрмеген. Енді қараңызшы, сол кезде мен оларды шақырдым, сосын тәптіштеп тапсырдым. Әрбір жүрген жолдарыңның билеті, ол тіпті жай ауылдың арасында қатынайтын автобус болса да. Әрбір басқан іздеріне құжат алып отырыңдар, мында келген соң есептесеміз. Сіздердің жаратқан ақшаларыңызды қайтарып береміз. Өйткені грант сондай. Яғни олардың жолы, олардың шығындары, жататын жері бәрі қарастырулы. Сол себепті маған қағаз керек болды. Өйткені біз әрбір тиынды есептеп, өздеріне беріп, олардың шығындарын өтеуіміз керек. Сосын есеп беру кезінде, біз донорларға есеп беру кезінде әрбір тиынның шығынын көрсетуіміз керек құжат арқылы. Сөйтсем «Ғалеке бізде автобус жүрмейді ғой бәлен жыл болды, біз тек таксимен барамыз. Такси чек бермейді. Сосын жұмыстан бірдеңе етіп, командировочный бірнәрсе оформить ете алмайсыздар ма?», ең болмаса жаңағы сіздерге күнделікті тамаққа береді ғой ақша, жарайды гостиница басқасын бермей-ақ қойсын, соны не болмаса тамақ енді қанша жегенің белгісіз оны білмейді ғой. Есеп тапсырғанда тек қана былай көрсетесің мынандай тамақ жедім, түскі асым болды деген сияқты. Қандай тамақ жегеніңді көрсетпейсің, соны таксиге бердім деген сияқты. Ғалеке бізде деген командировочный жоқ қой. Қалай жоқ? Есептесу жоқ қой. Қалай? Сендер ана жолы ауданға барып келдіңдер ғой сьезге, ауданға барып, бір жиналысқа барып келдіңдер ғой. Ол қалтамызда. Қалай қалталарыңда? Жалақыларың қанша? 60 мың. Әй, 60 мыңның жолға 3000 мыңын бересіңдер. Семьяларың қалай күн көреді? Солай, апай, бізде солай. Жыл сайын сол. Командировка жоқ. Жолға таксиді өз тарапынан. Тамақ өз тарапынан. Бірақ, ол жеке басы үшін жүрген жоқ. Ол, қызметімен жүр. Қызмет, жиналыстан есеп беру керек қандай нақты мәселелерді көтерді? Мектепте у-шу болып жатса сол ауданға жету керек! Құда бала тасып жүреді оны. Қашанғы туысқан інісі тасып жүреді? Яғни, журналисттерді әбден былай бастарын байлап тастады ғой кәдімгі сығып- сығып, әй, әлі демалып жатсың ба? Өлген жоқсың ба деген сияқты жағдайға жеткізді ғой. Грубо говоря мен қазір образды түрде айтып отырмын. Бірақ, журналистердің полицияда мәртебе бар. Мәселен, ғалымдарда мәртебе бар. Тағы басқасында, қазір есімде жоқ енді. Көпшілігінде мәртебе бар. Прокурорда мәртебе бар. Судьяда мәртебе бар. Журналист біз қоғамдағы адамдарымыз ғой. Бізде неге мәртебе жоқ?

Мәртебе не береді сіздерге? Ой, мәртебе деген бізге командировочный ғой. Бізде ең болмаса біз кез-келген жерге барғанда ей, кімсің сен деп есікті жаба салмайды! Бізде ең болмаса тиісті нәрседер болады ғой деп сөйтіп жүретін. Сол себепті, журналист еркін болуы үшін, оның мәртебесімен басқалары санасу үшін, қоғамның алдында оның құқығы ерекше көрсетілуі үшін журналисттің мәртебесі қажет деп ойлаймын!

Жансерік: Енді қараңыз бізде журналисттер мемлекеттік және тәуелсіз деп бөліп қарастыруға болады, иә? Өзіңіз білесіз. Мемлекеттік арналарда, мемлекеттік медиаларда жұмыс жасайтын тәуелсіздік. Енді бізде осы бір мысалды айтайын 24.kz телеарнасының журналисі бір әкімдіктен сұхбат алатын кезле оны шығарып тастайды күшпен. Видеосын да көрдіңіз иә, білесіз. Содан білден ақпарат министрлігі журналистердің құқығын бұзбауға шақырады, дұрыс емес деген сияқты сондай бір не қалдырады. Енді, осы секіоді кейстер болды. Бірақ, мына тарапта. Яғни, тәуелсіз журналистерде болды. Қолмен қағып қалған кездер де болды да. Бірақ, ол тұста ешқандай бір реакция болған жоқ ақпарат министрлігінен бағанағы сияқты әй, құқықтарын бұзбаңдар, дұрыс емес деген сияқты. Бірақ, журналист ортақ қой Қазақстанда. Оны қалай түсінсек болады?

Ғалия: Екіжүзділік, “двойные стандарты” дейді оны. Қараңыз, мәселен депутат журналистің қолын қағып жіберді, микрафонды лақтырып жіберіп, өзін итеріп жіберіп жатса оған Дәурен Абаевтан болсын, басқасынан болсын реакция болған жоқ. Балаева, енді оқыған-тоқыған көзі ашық адам ғой, сосын ол кісі қанша дегенмен коммуникациясы дұрыс адам деп есептеймін мен өзім. Бұл жерде Балаеваның бұнысы не дегені, ол негізгі жағдаятты сол жүгіріп жүрген журналист есебінде білмейді ғой. Ана жерде жұмыс жасап жүрген адамды көтеріп алып, лақтырып жібергені енді лақтырғанда лақтырған жоқпын қойдым да кете бердім. Мәселен, ол өте нәзік қыз болса мына кісінің сондай грубый қатынасынан сол қыз сол жерде қалтырап, дірілдеп құлап қалса, мәселені білмейміз ғой! Ол кісі оны ойламай, әрі қарай бұрылды да кете берді, яғни, ол кісі кешір деп те айтқан жоқ иә? Былай бұрылды да кете берді.

Осы жерде “двойной стандарт” біздің мемлекеттік тараптан да бар. Яғни, депутат лақтырып жіберсе үндемейді. Қарапайым күзетші лақтырып жіберсе ойбай, сұмдық қызды ұстап оның личный пространствасына қол сұғып деген сияқты нәрсеге как это так деген сияқты. Ал, бұл енді “двойной стандар” біздің биліктің екі түрлі көзқарасы ғой иә?

Ал, жалпы бұл жағдаятқа менде де екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі, бұл жерде күзетші тұр. Күзетші ол жерге нақты адамдарды кіргізеді, жібереді. Оған сондай тапсырма берген. Сен күзетіп тұрсың. Оңды-солды жайбарақат, адамдар бұл жерде гулять етіп жүрмесін деген сияқты. Енді, бұрында болған жоқ қой. Ал, пандемия кезінде одан сайын деген сияқты. Одан сайын әкімге кіру де қиын, оның орынбасарын табу да қиын оған сұрақ қою да қиын иә? Бұл қыздың нақты өзінің жобасы бар! Жобасы әкімдердің бүгінгі портреті. Мен дұрыс түсінсем әкімдердің бүгінгі халыққа деген тіршілігі. Не бітіріп, не істеп жүр? Осындай жағдайда менің түсінуімше халыұтың бұл әкімді күткеніне біраз болған. Іздегеніне біраз болған. Келген де, хабарласқан да! Бірақ, ол жоқ, әкім болмайды. Ол жоқ, шауып келсе ол жұмыста жоқ! Қайта кетіп қалады да шауып кетеді машинамен. Сөйтсе әкім тағы жоқ. Сол жерде әкім тығылып тұр ма деген күдік туады ғой журналисте. Енді әрбір адам сөйтіп ойлауы мүмкін ғой. Бұл тығылып отыр ма деген сияқты. Журналист болғасын ол болмайтын жерге жасырын барып кірді. Яғни, ол өзі көз жеткізгісі келді. Өзінің журналистік рөлін жақсы атқарғысы келді! Неге тығылады? Қайда жүр? Мәселен, сіз қайта-шайта хаьарласып отырсыз! Сіз хабар 24-тенсіз бе? Аты-жөніңізді жазып алайын мен бастық келген соң міндетті түрде айтамын! Ертең жұмысқа келген бойда мен ол кісіге неше рет хабарласқаныңызды жеткіземін. Қандай сұрақ мазалайды сізді? Коммуникация сондай болуы керек қой! Ал, ешкімді кіргізбе деп айтса онда хатшы қыз өтірікші, әкім өтірікші. Яғни, олардың тірлігі, бүкіл әкімшілікке, бүкіл ақпаратқа, бүкіл басқару жүйесіне нұқсан келтіретін тірлік! Оны олар ойламайды. Өйткені әкім болғысы келетін көпшілік өзінің басын күйттеу үшін керек.

Жансерік: Яғни бұл жерде әркім өзінің қызметін атқарды дейсіз ғой.

Ғалия: Иә, әркім күзетші кіргізбеуі керек. Ондай жағдайда қалай боларын білмеді. Ол қыз лифтке кіріп кете жаздады. Ол кезде сол кісінің басқаша амалы болмады. Бірақ, әкімшілікте отырған, жалпы халықпен қызмет жасайтын адамдар олар өздерін әдетті формада дұрыс коммуникация құруы керек. Сол дұрыс коммуникация құрмағанның салдарынан ана қызды күзетші тасып жүр, Күзетші өзі зардап шекті ақыры аяғында.

Жансерік: Енді қазір республикалық деңгейде бағанағы журналист мәртебесі жөнінде кибер-буллингке заң талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіні шектеумен. Енді осыған байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Біреу қарсы шығады, біреулер дұрыс деп санайды. Өйткені, әлеуметтік желінің зияны бар, балаларға кері әсерін тигізеді. Басқа ұлт өкілін басқаша көрсетеді деген сияқты да. Енді сіздің осыған байланысты көзқарасыңыз қандай?

Ғалия: Әр нәрседен бір сұрақ бар. Соттайтын кім? Яғни, таразылайтын, сол мән-мәтінді зерттейтін оған баға беретін, оны зиян деп табатын кім? Әңгіме осында. Оған тек соның ішінде жүрген бір сөзі ғана себеп болды ма? Жоқ ол себеп емес сылтау болды ма? Оны ешкім білмейді. Яғни, орыста бір не бар көптеген осындай жағдайларға сұрақтар бар: “а, судьи кто?” деген. Яғни, менің жазғанымды ұғынып, түсініп, жақсы ма? Нашар ма? Жағымсыз ба? Жоқ керек пе? Оны зерттейтін кім? Мәселе осында. Олар шектеусіз келеді. Шектеу үшін біреу қарайды ғой. Мә, мынау қажет емес. Бұл булинг үшін емес. Нақты билікте сөйлейтіндер, қарсы айтатындар, өз пікірі барлар жеке индивидуалды пікірі барлар. Көп жағдаяттарда келіспейтіндер, белсенділер, олай болмайды дейтіндер соларға тосқауыл қою. Бізде заң бар. Балаларды қорғайтын заң. Ересектерді қорғайтын заң. Жалпылама айтып отырмын иә? Қылмыс жасаса қылмыстық кодекс бар. Бізде азаматтық кодекс бар біреудің жеке мүліктік құқығына тиіссе адамды қорғайтын, оның жеке өмірін, оның коммерциялық құқығын қорғайтын, банктік құқығын қорғайтын оның жеке жүниесінің құқығын қорғайтын. Бізде барлығына баптар бар. Яғни, заңда қарастырылған.

Ал, енді тағы да бір заң. Заңның үстіне заң. Бір атлас көпшіктің үстіне тағы да бір атлас көпшік. Ол деген сөз бостандығын тұншықтыру. Қорытындысында бара-бара тұншықтыруға апарады.

Жансерік: Енді сөйтіп біз 180 мемлекеттің ішінде 150-ші орындамыз.

Ғалия: Айдос Сарынмен өткен тікелей эфирде осыдан 2-3 апта бұрын мен как раз ауырып жатқанмын бірақ қолыма ыстық су алып, сөйлесуге тырыстым. Сол кезде мен айттым бұл конституцияға қайшы, якобы олар фесбук арқылы уәделескен. Мен бірінші естігенде сенбедім. Бұл мемлекетті стандартқа қайшы дедім. Бірақ Айдос Сарын ондай келісімдер жүрді, Гонконгке бардық, өйттік-бүйттік деген нәрсені естіп төбе шашым тік тұрды деді. Мүмкін емес фейсбуктан келіссөз жүргізу мүмкін емес дедім. Бірақ Гонконгте жай ғана өкілет пе өкіл ме біреу отырады екен. Олармен сонда не туралы әңгімелесті бұлар. Егер де фейсбуктың өзін құдай сақтасын деп отырса. Бізге ол қажет жоқ десе. Ойланып қалдым. Сөйтсем, айтқысы келмеген шығар, артынан айтып қалды немес аузынан шығып кетті. Семинар, тренингтер өткізу барысында осындай кибербулингтер болмасын, балаларды қорғау үшін, олардың ата-аналар бірақ мен айттым. Айдос, бізде балаларды қорғау құқықтары бар. Ата-аналарды үйрету керек болса бізде дәл сондай тренерлер бар өзімізде. Біздің заңды білетін. Біздің жағдайды білетін. Нақты біздің мемлекетте дәстүрді бәрін білетін. Мінезін білетін халықтың. Бұрынғы ескі дәстүрге сүйене отырып тренинг жасайтын адамдар бар біздер.Бастап едім айтып, жөтеліп қалдым да артынан ауытқып кетті. Негізі ол солай. Миллиондаған долларға Гонконгтен әкелмей ол адамдарды өзіміз-ақ үйрете аламыз. Бала болсын мейлі ол ересек адам болсын қазір не көп тренинг көп қой. Тренинг көп болса да оның сапасына күмәнім бар. Бірақ, ретттеп-реттеп, іріктеп-іріктеп соның арасынан жасауға болады ғой. Яғни, бұл жерде тағы бір ой келді мағар. Осы Гонконгте біздің мемлекеттің кейбір ақшалары болуы мүмкін деген ақпарат оқыдым осыдан біраз уақыт бұрын. Сосын ойладым біз оларға мү кін ақшамызды ала-алмай отырған шығармыз мүмкін. Мынандай кішкене дипломатияның түрлері болады ғой. Мүмкін сондай бір қиғаштап жүр шығар деп те ойладым. Сондай неше түрлі ой болды. Енді Гонконг? Неге фейсбуктың бас офисіне бармайды? Мәселен деймін да, келіссөз жүргізуге. Оларды пушкамен ататын жерге дейін жібермейді ғой. Олар анандай оймер келді десе. Қайдағы деп. Сол себептен мұны мен шектеу деп есептеймін. Біздің заңдар әр нәрсені дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Дұрыс жолмен, заң жүзінде, әділ түрде шешуге мүмкіндік береді. Біздің заңдардың бәрі нашар, жаман дей алмаймын! Бізде бір керемет кәсіби заңгер болатын зейнетке шықты, біраз уақыт жұмыс жасады. Сол кісімен анда-санда заңдарды айтып отырғанда айтатын. Біз егер басқа еллегі заңдармен салыстырып көретін болсақ біздің заңдар жаман емес. Ортадан жоғарылау дейтін. Оның қолданысы нашар дейтін. Бізде заңды қалай болса солай бұрмалап кететін жағдаяттар болады да. Оларды түзеу үшін біз практикамызды түзеуіміз қажет. Гонконгтан біреуді тасымай, біздегі дайындалған, дайын адамдарды одан сайын үйретіп,қажет болса мемлекеттің тарапынан ауыл-аувлға, аудан-ауданға тарату қажет. Түсіндіріңдер, жеткізіңдер. Халықаралық стандарт бойынша солай. Заңдарды осылай қорғайды деп. Ал, балаларды ұрып-соғу ештеңе етпес, бізді де түйкіштеп өсірді ғой деген пікірлер бар бізде. Бірақ енді әрине ондайға жіберуге болмайды баланы. Үнемі қорланған ол қалай азамат болады. Содан кейін әрине проблема бар. Бірақ біз ақпаратты шектеумен іздеу, ол енді масқара.

Жансерік: Енді қараңыз, Meta компаниясы қазір фейсбук иә? Инстаграм бар, ватсап бар. Олар неге күресіп жатыр? Олар өздері де фейкпен күресіп жатыр. Фейк ақпарат болса алып тастайды, анау ватсапта сообщениені 4-5 рет переслать етсеңіз бармай қалады. Енді алдағы уақытта олар да кибербуллингпен күресетін жолын табатын шығар деп ойлаймын. Бірақ, шектеу емес, шектеуден басқа жолды дейді. Солай емес пе, иә?

Иә, Ғалия апай сізге көп рақмет. Осылай келіп, ақпарат бергеніңізге. Құрметті достар, әріптестер! Осымен біздің екінші эпизодымыз аяқталды. естеріңізге сала кетейік, жобаны MediaNet халықаралық журналистика орталығы Конрад Адэнауэр атындағы қордың қолдауымен жүзеге асырып жатырмыз. Алдағы уақытта тағы да осы еліміздегі басты тақырыптар төңірегінде мамандармен сұхбаттасамыз. Егер де қосарларыңыз болса бізге фейсбук, инстаграм парақшамызға болмаса жекемізге жазсаңыздар болады. Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Жансерік Тілеухан
Журналист-фактчекер, медиа-тренер, СДУ түлегі, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-монитор