26 қарашада Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров пен сенаторлар – Рысқали Әбдікеров, Сергей Ершов еліміздегі автожолдардың сапасына қатысты Премьер-министр Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады. Сауалда көрсетілген мәлімдемелерді тексеріп көреміз.

Үздік және нашар жолдары бар елдер рейтингісінде 2019 жылы Қазақстан 100-ден 43,2 балл жинап, 141 елдің ішінде 93-орынға тоқтады.
Үкім: Шындық
Дүниежүзілік экономикалық форум 2019 жылы “Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингін” ұсынды. Расымен, Қазақстан жол инфрақұрылымының сапасы бойынша 93-орында. Дәл осы салада үздік орындаушы ретінде Сингапур тұр.

…Ал, мәселен, көршілес елдер – Тәжікстан бізден жоғары 50-орында, Әзірбайжан – тіпті 27-орында.
Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров және сенаторлар – Рысқали Әбдікеров пен Сергей Ершов
Үкім: Шындық
Өзге елдердің көрсеткішін де сенаторлар жаңылмай айтқан. “Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде 2019 жылғы жол инфрақұрылымының сапасы бойынша Тәжікстан 50-орында, Әзірбайжан 27-орында.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі қалай анықталады?
Рейтинг әртүрлі экономикалық жағдайдағы қабілетті айқындайды. Негізінен 12 фактор бойынша анықталады.
- Институттардың сапасы
- Инфрақұрылым жағдайды
- IT және заманауи коммуникациялардың енуі
- Макроэкономикалық тұрақтылық
- Тұтыну нарығы
- Еңбек нарығы
- Қаржылық жүйе
- Ішкі нарық көлемі
- Денсаулық
- Білім мен біліктілік
- Бизнестің даму динамикасы
- Инновацялық қабілет
Жалпы рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Рейтингке 141 мемлекет қатысқан. Қазақстан 2018 жылға қарағанда 4 саты көтеріліп, 55-орында тұр. Бірінші орында Сингапур, екінші-үшінші орынды АҚШ пен Гонконг бөліскен. Посткеңестік елдер арасында Ресей – 43, Әзербайжан – 58, Украина – 85, Қырғызстан – 96-орында.

Қазақстандағы компания басшыларына жүргізген сауалнама нәтижесінде, елдің бәсекеге қабілеттілігін тежейтін ең проблемалық факторлар – полицияның сенімсіздігі, сот жүйесінің жеткіліксіз тәуелсіздігі, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, жолдардың сапасыздығы, күрделі тарифтер, ШОБ қаржыландыруға қол жеткізу проблемалары, сондай-ақ жеткіліксіз білімді жұмыс күші және кәсіптік білім беру деңгейінің төмендігін көрсеткен.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.