Шындық | Қазақстан есірткіден болатын өлім бойынша әлемде 33-орында

20 қараша күні мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер енгізу туралы сұрақты бірінші оқылымнан-ақ қолдады. Заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитет мүшесі, депутат Арман Қожахметов заңнаманың «қылмыстың кейбір маңызды түрлеріне мемлекеттің тиімді көзқарасын оятуға бағытталғанын» атап өтті. Олардың қатарына есірткінің таралуын да қосқан. Мәселенің  ауқымын түсіндіру үшін ол Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сілтеме жасады:

Есірткіден болатын өлім саны бойынша БҰҰ-ның статистикалық есебіне енген 93 елдің ішінде Қазақстан 33-орында тұр

Арман Қожахметов

Үкім: Шындық

БҰҰ-ның есірткі және қылмыс басқармасы шығарған 2019 жылғы есірткі туралы баяндамаға сәйкес Қазақстан есірткіден болатын өлім бойынша әлемде 34-орында тұр, 2017 жылы 141 жағдай тіркелген. Дегенмен, кестеге әр жылдардағы 99 елдің ғана мәліметтері енген (ең ескі мерзімділері 2007 жыл болса, соңғысы -2017 жылғы)

БҰҰ есірткі және қылмыс басқармасы өлімнің жалпы санынан бөлек, оны 15 жастан 64 жасқа дейінгі 1 миллион адамға шағады. Бұл көрсеткіш бойынша халықаралық ұйымның статистикалық есебіне енген әлемнің 99 елінің ішінде республика 44 орынды иемденіп тұр.

Келесі сұрақ – бұл мәліметтер нені білдіреді? Қазақстан есірткіден болатын өлім саны бойынша қауіпті дәрежеге жетті деп мәлімдей аламыз ба? Жоқ. Денсаулық өлшемдері және денсаулықты бағалау институтының ақпаратынша, 2017 жылы есірткі пайдалану суицид пен жол-көлік оқиғаларына қарағанда республикадағы кең тараған өлім себептерінің ондығына кірмеген.

Сонымен қатар, екі жыл бұрын есірткі пайдалану өлім қаупі мен мүгедектікті болдыратын факторлардың тізіміне де енбеген. Институт бағалауынша, Қазақстан азаматтарына тамақтануға қатысты әдеттер, темекі шегу мен алкогольдік өнімдерді пайдалану көбірек қауіп төндіреді.

Шындық | Қазақстан есірткіден болатын өлім бойынша әлемде 33-орында

Жалпы, БҰҰ мәліметінше, соңғы 30 жылда есірткі заттарын пайдаланудан болатын өлім 134%-ға артқан. Бұл фактор Шығыс және Оңтүстік Азия, сонымен қатар Солтүстік Америка елдері үшін көбірек қауіпті. 2017 жылы есірткіге қатысты өлімдердің жартысы цирроз бен бауыр рагының дамуына әкеп соқтыратын  С гепатитіне негізделген.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz