Шетелде оқитын Қазақстан студенттері көп пе? Не себепті?

“Қазақстан коммунистік халық партиясы” депутат фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров былтырғы бюджет жылын бағалай отырып, «экономикалық және әлеуметтік саясатқа арналған тәсілдер қайта қаралмағанын» айтты. Оның ойынша, бұл әлі күнге дейін шикізатқа тәуелдіктен арыла алмай отырған Қазақстан экономикасының қазіргі дағдарысына айтарлықтай әсер етті.

Осыған байланысты коммунист депутат білім беруді дамыту бағдарламасы жоғары технологиялық экономиканы құруда шешуші рөл атқаратынын баса айтты. Коңыров оның деңгейін мына мәлімет бойынша айтуды ұсынды: «Шетелдегі жоғары оқу орындарына кету мен білім беру қызметі импорты өсіп жатыр. Бүгінде біздің стденттердің 14%-і шетелде оқиды. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш  1%-тен 8%-ке дейін».

Үкім: Жартылай шындық

ЭЫДҰ елдерінде (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) шетелге ұзақмерзімді оқуға баратын студенттердің үлесі, шын мәнінде, Қазақстандағы студенттермен салыстырғанда бірнеше есе аз, бірақ бұл факт біржақты тұжырым жасауға себеп емес.

Біріншіден, көрсеткіштер тез өзгеріп жатады (мысалы, бүгінде  шетелдің жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттердің 14%-і емес, 10%-і оқиды). Екіншіден, ЭЫДҰ елдерінде трансшекаралық студенттердің оқу орнының алмасуы қатты құпталады және ұлттық оқу орындарындағы ішінара шектеулер әдеттегі жағдай ретінде қабылданады. Үшіншіден, Қазақстан студенттері елдегі білім беру сапасының нашарлауынан емес, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ретке келмегенінен шетелде оқу мүмкіндігін іздейді.

Шетелде қанша отандасымыз оқып жүр?

Қазақстаннан білім алу себебі бойынша көшетіндер туралы нақты, жүйелі мәліметтер жоқ: әдетте ұлттық бюджет есебінен шетелде оқитындар саны ғана жазылады. солайша, бүгінде “Болашақ” бағдарламасымен шетелде 857 қазақстандық білім алып жатыр. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019 жылы бюджет қаржысы есебінен шетелдің жоғары оқу орнында оқуға 603 студент жіберілген.

Дегенмен қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігі шетелде жеке қаражат немесе халықаралық стипендия есебінен оқиды. Отандастар арасында ең танымал білім алу елдері – Ресей мен Қытай. 2018-2019 оқу жылында 39,6 мың қазақстандық студент Ресейдің жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыды. ҚХР-дың Қазақстандағы бас консулы Гэн Липин ханымның айтуынша, Қытайда 15 мың студентіміз оқиды. Басқа елдердің жоғары оқу орындарындағы қазақстандықтардың саны бұл көрсеткіштермен салыстыурға келмейтіндей аз.

2019 жылы сол кезде отандық жоғары оқу орындарында 565 мыңға жуық қазақстандық оқып жатты. Осылайша, Ресей мен Қытайда оқуды таңдаған отандастарымыздың үлесі, дөңгелектегеннің өзінде 9% қана болып тұр.

Халықаралық білім алу себебі бойынша көшетіндер статистикасын ЮНЕСКО да дайындайды. Халықаралық ұйымның кейінгі мәліметтеріне сүйенсек, 84 мыңнан астам қазақстандық студенттер шетелде оқиды. Бірақ бұл цифрларда ендігі өзекті емес мәліметтер де бар екенін ескеру керек. Атап айтқанда, Ресейде оқитын қазақстандықтардың санына 2017 жылы статистика жүргізіліп, бұл жылы олардың саны 65 мың адамға жеткен.

ЭЫДҰ елдерінің қанша сутденті шетелде оқиды?

Ұйымның ресми статистикасына сәйкес ЭЫДҰ елдері студенттерінің орта есеппен 1,6%-і шетел университеттерінде оқиды. ЭЫДҰ-ның Еуропа елдері үшін бұл көрсеткіш 3,5%-ке жетеді. Айта кетейік, елдер арасында студенттердің шетелде оқу үлесі әртүрлі екені айтарлықтай байқалады: мысалы, Австралияда немесе Жапонияда студенттердің тек 1%-і шетелде жоғары білім алу мүмкіндігін құп көрсе, Словакияда немесе Исландияда мұндай студенттердің үлесі сәйкесінше 18%-ке және 14%-ке тең (ал Люксембургіде шетелге студенттердің 75%-і кетіп қалған).

Оған қоса, ЭЫДҰ Еуропа елдерінен келген студенттердің орта есеппен 12% -і (2017 жылғы мәлімет) қысқамерзімді ұтқырлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Бұл жастар 3 айдан 12 айға дейін емтихан/несие саны болатынын біліп, шетелде оқи алатын кезде жүзеге асады.

Қазақстан 2010 жылы қосылған жоғары білім берудің Болон жүйесі мұндай тәжірибеге мүмкіндік береді және қолдайды. 9 жыл бұрын Еуропалық одақ 2020 жылға қарай шетелде бір семестр оқитын студенттердің үлесі 20%-ке жетуі керек деген үлкен мақсат қойды.

Жастардың білім алу себебі бойынша көшуіне Қазақстандағы жоғары білім беру сапасы түрткі бола ала ма?

Иә, бірақ бұл басты себептің бірі емес. Оған дәлел ретінде Халықаралық көші-қон ұйымының жобасы аясында 2019 жылы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары жүргізген Орталық Азия елдеріндегі жастардың сыртқы көші-қоны зерттеуінен мәлімет  ұсынамыз:

Осылайша, зерттеушілер аймақтағы жастар көбіне әлеуметтік-экономикалық процестерді “қозғаушы факторлар” – тұрақсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай, елдің даму деңгейінің төмендігі, әлсіз экономика, экономика перспективасының жоқтығы, жұмысқа тұру проблемалары, тоқырау, жалақының төмендігін атайды. Олар мұндай жағдайда бизнесті дамыту, қаржы жинау және кәсіпқойға айналу үшін жұмыс істеу қиын екенін айтады.

Маргарита Бочарова
Журналист-аналитик. Магистр социальных наук