Саяси партияларға 2004 жылдан бері бюджеттен қанша ақша бөлінді?

Саяси партияларға 2004 жылдан бері бюджеттен қанша ақша бөлінді?

Қазақстанда жыл сайын саяси партияларды қаржыландыру мақсатында біраз қаржы бөлінеді. Бұл қаржыландыру тікелей парламент депутаттарын сайлауға байланысты. Парламентке өткен партиялар мемлекеттік бюджеттен қаражат алады. Осы орайда KZ.MEDIA жобасындағы әріптестеріміз жуырда үш парламенттік партияның ішінде билік партиясы ғана өз бюджеті мен шығындары туралы есеп беретініне назар аударған.

Барлық партиялар, оның ішінде билік партиясы да ашық болып, кіріс пен шығыс туралы толық есепті жариялайды деп үміттенеміз. Ал әзірге қазақстандық партиялар 2004-2019 жылдар аралығында бюджеттен қанша ақша алғанын анықтап, оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.

Қазақстанның саяси партиялары сандармен

Төмендегі кестеден 2004 жылдан бері түрлі партияларға дауыс бергендер санының көре аласыздар (опция терезесінен әртүрлі партияларды салыстыруға болады). Кейбір партиялардың жұмысы тоқтатылды, біреулер оларды сағынышпен еске алатын да болар. Қазір Қазақстанда 6 саяси партия тіркелген, ал парламенттегісі үшеу ғана.

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау

Саяси партияларды қаржыландыру көзі мен бюджет

Саяси партиялар туралы заңға сәйкес саяси партиялардың қаражаты төмендегіше құралады:

  • Мүшелікке кіру және мүше жарналары
  • Мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуын бақылайтын орталық атқарушы орган бекіткен талапқа сай жүргізілетін Қазақстан Республикасы азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдардың қайырымдылығы. Бірақ, шарт бойынша қайырымдылық құжатпен расталып, олардың қайдан келгені көрсетілуі керек.
  • Кәсіпкерлерден түсетін кіріс
  • Бюджет қаражаты.

Саяси партияларды қаржыландыру ережесінің 4-тармағына сәйкес, бюджет қаражаты парламенттік партиялар арасында сайлаушылардың дауысы бойынша тең бөлінеді. Саяси партиялардың қызметін қаржыландыруға бөлінетін бюджет қаражатының мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда, соңғы сайлаудың қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға дауыс беру кезінде берілген әрбір сайлаушы дауысы үшін төменгі жалақы мөлшерінің үш пайызын ескере отырып айқындалады.

Бұл заң 2012 жылдан бері бар. 2002 жылдан 2011 жылға дейін қаржыландыру осы ереже бойынша жүргізілді, бірақ ең төменгі жалақының 1%-ы болатын. Қаржыландыру  ережесіндегі өзгеріс кестеде анық көрініп тұр.

Соған сәйкес, соңғы 4-шақырылымда дауыс берген сайлаушылар саны туралы мәлімет болғандықтан, сол кезеңде бюджеттен қанша қаражат бөлінгенін есептей аламыз.

Айта кеткен жөн, парламент тарихында дауыс беру жүйесі бойынша мәжілісте үш партиядан артық жиналған жоқ. Ал 2007-2011 жылдар аралығындағы 5 жылда Қазақстанның саяси партияларының ішінде мәжілісте тек «Нұр Отан» партиясының өкілдері ғана болды. Себебі басқалары сайлаушылардың жалпы дауысының 7%-нан аса алмаған.

Қазақстанның саяси партияларының бюджеті

Ең төменгі жалақы % , * сайлаушылар саны

Диаграмма “Нұр Отан” партиясы бюджетінің басқа партиялардан алда екенін көрсетеді. Бұл ОСК (орталық сайлау комиссиясы) мәліметі бойынша дауыс санына байланысты, оған қоса, ең төменгі жалақы да, ұлттық валютамен есептесек, үнемі өсіп отырған. Соңғы фактор басқарушы партия мен басқа партиялар арасындағы  айырмашылық тенденциясына әсер етпейді.

Қазақстанның саяси партияларының бюджеті

Ең төменгі жалақы %,  * сайлаушылар саны

Егер доллармен есептесек, жағдай сәл тұрақтылау болатын тәрізді. Мәселен, девальвация факторлары анық байқалып тұр. Бірақ, бәрібір жалпы жағдай өзгерген жоқ.

Және түсінікті болу үшін – соңғы кесте: осы уақыт аралығында доллармен және теңгемен есептегендегі ең төменгі жалақы қалай өзгеріп отырғанын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстандағы ең төменгі жалақы

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz