Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

MediaNet Халықаралық журналистика орталығы CFLI (Canada Fund for Local Initiatives) қолдауымен «‎Гендерлік қудалауға қарсы 16 күндік белсенді әрекет»‎ халықаралық науқанын қолдау мақсатында «Қазақстандық әйелдердің жыныстық бопсалау проблемасына көзқарасы» сауалнамасын өткізді.

Сауалнама 18 жастан асқан әйелдер арасында жүргізілді. Қазақстандық әйелдердің тек 11%-і жыныстық бопсаның мұндай ауыр салдары болмайтындығына сенеді.

Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

MediaNet сауалнамасының нәтижесі жауап берген әйелдің көпшілігі (67%) жыныстық бопсалауға тиімді қарсы тұру үшін полицияға жүгіну керек деп санайтынын көрсетті. 13%-і мұндай жағдайда достарына, туыстарына немесе жұбайына жүгінуді жөн көреді. 7%-і құқықбұзушымен жеке сөйлесіп, мұндай ісін ендігәрі қайталамауын сұрауды дұрыс деп санайды. Тағы 6%-і реакция білдірудің және бопсалауға көп мән берудің қажеті жоқ екеніне сенімді. Ал 5%-і теріс салдарды болдырмау үшін харассментке мән берудің қажеті жоқ деп есептейді.

Сауалнама қорытындысы бойынша, әйелдердің 69 %-і жыныстық бопса зорлауға жетелейді деп санайды. Ал 45 %-і бопсадан кейін міндетті түрде зорланатынына сенеді. 24 процент респондент егер жыныстық бопсаға назар аудармаса, салдары қиын болады дейді. 11 % әйел бұл айтылғандармен келіспейді және бопсалау зорлауға жеткізбейді десе, 20 % әйел жауап беруге қиналатынын айтқан.

Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 45%-і жыныстық бопсалаудың түрлі формасы жыныстық зорлық-зомбылық пен зорлаудың ауыр түрлеріне әкеліп соғауы мүмкін екеніне сенімді. Сауалнамаға қатысушылардың төрттен бірі (24%) жыныстық бопсалауға мән бермесе, түбі зорлаумен аяқталуы мүмкін деп санайды. 11%-і бұл мәлімдемемен келіспейді және жыныстық бопсалау мұндай салдарға алып бармайды дейді.

Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

Зерттеу аясында әйелдерге өзі ұшыраған жыныстық зорлық-зомбылықтың түрлі формасы туралы сұрақтарға жауап беру ұсынылды.

Зерттеудің деректері келесідей болды:

  • Әйелдердің 22%-і көшеде қырындау не артынан ысқыруға тап болған;
  • 21%-інде қоғамдық орындарда және көлікте жағымсыз жанасулар болған (шымшу, шапалақпен ұру, сипау, үйкелу);
  • 16%-не әлеуметтік желілерден орынсыз жыныс мүшелердің суреттері мен порнография келген;
  • Әйелдердің 6%-іне жұмыста өсім, сыйақы не ақшалай сыйақы үшін қарым-қатынасқа түсу немесе интимдік өмірді талқылау туралы ұсыныс жасалған;
  • Әйелдердің 7%-і жыныстық зорлықты басынан өткергенін не зорлық-зомбылықтың куәсі болғанын мойындаған.
Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

БҰҰ дерегі бойынша, зорлық-зомбылық әйелдердің қоғам өміріне толыққанды қатысуына кедергі келтіреді, әйелдердің отбасы, қауымдар мен елдер үшін ұзақ мерзімді салдары мен шығындары болады. Адам құқықтарын өрескел бұзу бола тұрып, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық Еуропа мен Орталық Азияда кең таралған құбылыс. Осы аймақтағы барлық дерлік елде жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарының 80%-і — әйелдер мен қыздар.

Қазақстандықтар үшін әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық бопсалау, зорлық-зомбылық сезімтал және жабық тақырып. Бірақ бұл одан әрі тереңірек зерттеуді талап етеді. Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, мемлекеттік деңгейде гендерлік зорлық-зомбылық және алалаумен күресу қажет. Сондай-ақ қазақстандықтардың қоғамдық санасында әйелдер мен қыздарға қатысты жыныстық бопсалауға жол бермеу және төзбеушілік туралы идеяны қалыптастыру керек.

Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

Сауалнама нәтижесі қазақстандық қоғамда әйелдер өздерінің құқығын бұзу фактілерін жария етуге және абьюзерге қарсы тұруға әрдайым дайын бола бермейтінін көрсетеді, бұл көбіне қайғылы салдарға әкеліп соғуы мүмкін.

Сауалнама: Қазақстандық әйелдердің көбі жыныстық бопса зорлауға әкеп соғады деп санайды

Методология: 2021 жылғы 11-18 қараша аралығында барлығы 14 облыс пен Республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент) 1 100 әйелден сауалнама алынды. Сауалнама қазақ және орыс тілінде стационарлық нөмірлерге телефон қоңыраулары арқылы жүргізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан әйелдер қатысты. Іріктеме үшін Қазақстан бойынша стационарлық телефон нөмірлерінің абоненттік базасы негіз болды. Осы іріктеме үшін 95% ықтималдығы бар статистикалық қатенің жоғары мөлшері 3%-тен аспайды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz