Президенттікке үміткер: Әміржан Қосанов

Сайлау қарсаңында президенттікке үміткерлердің әрқайсысы жайында, танымалдарынан бастап аса таныс еместеріне дейін профайлинг жасауды ұйғардық. Мысалы, “Ақ жол” партиясынан шыққан кандидаттар арасындағы жалғыз әйел немесе “Ауыл” партиясынан шыққан кандидат туралы айтатын боламыз.

Қысқаша

Ә.С.Қосанов – президент лауазымына үміткер жеті кандидаттың бірі. Ол “Ұлт тағдыры” Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы” қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отыр.

Ә.С.Қосанов Қызылорда облысы, Сапақ ауылында туған. Үйленген, екі баланың әкесі. Екі мемлекеттік марапатттың иегері: Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының, “Жылдың саяси қайраткері” номинациясы бойынша “Жыл адамдары-2013” сыйлықтарын алған.

Білімі

С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген.

Еңбек өтілі

    • 17 жасында құрылыс-монтаж поезында слесарь болып жұмыс істеді
    • Университетті бітіргеннен кейін “Социалистік Қазақстан” республикалық газетінің партиялық өмір бөлімінің тілшісі болды
    • Сондай-ақ, Қазақстан ЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің бірінші хатшысы және Қазақстан ЛКЖО ОК саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді
    • Екі жыл жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің баспасөз және бұқаралық ақпарат бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды
    • Осыдан кейін Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары болып сайланды
    • Үш жыл премьер-министрдің баспасөз хатшысы және ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің басшысы болды
    • Бір жыл Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді, сонымен қатар “Реформа” әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бастамалар орталығының тең құрылтайшысы, президенті болды
    • Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Партиялық тиістілігі:

    • Жеті жыл КОКП мүшесі
    • Қазақстан Республикалық Халық партиясы төрағасының орынбасары
    • Партияның атқарушы комитетінің төрағасы, сондай-ақ Қазақстанның демократиялық күштері форумының тең төрағасы
    • Қазақстанның жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары(ЖСДП)
    • “Азат” ЖҚҮБ Бас хатшысы

Үміткердің цитаталары

«Тоқаевтің артында қуатты әкімшілік ресурс бар. Бірақ халық менің артымда. Мен теледебаттарға дайынмын»

«Назарбаев пен Тоқаевтың орнын ауыстырудан ештеңе өзгермейді, сондықтан да жүйені өзгерту керек»

«Мұхтар, өзіңнен басқаның бәрі оппозиция емес деп айтуыңды тоқтат. Сені соттады, ұрып – соқты,сен түрмеде отырдың,билік осы күнге дейін сенің басыңнан сипап көрмеді. Енді отырып: «Елдегілерді соттаған жоқ, олар алдайды,»-дейсің. Мұны доғару керек»

«Мен Конституциялық кеңес құрамын, оған билік өкілдері де, кең демократиялық қоғам да кіреді. Біз қысқа мерзімде билік тармақтарының нақты бөлінуі болған Конституцияға қайта оралуымыз керек: заңнамалық, атқарушылық, сот. Бұл Қазақстанда бар барлық мәселелерді шешуге арналған басты кілт, алтын кілт болып табылады»

«Сайлауға қатысуға қарсы барлық адамдар билік бізді осы сайлауды заңдастыру үшін пайдаланатынын айтады.  Бірақ, егер біз қатыспайтын болсақ, онда билік сайлауды басқа қатысушылармен заңдастырады»

«Сіздер менің не жазатынымды, 20 жыл бойы не жайлы айтып келе жатқанымды білесіздер. Мен өз ұстанымдарымнан йотаға да шегінбеймін. Бірақ мен әрдайым диалог үшін сөз сөйледім»

“Мен билікке революциялардың көпшілігі  сайлау жарияланғаннан кейін келесі күні орын алғанын ескерткім келеді»

Әміржан Қосановтың “Ұлт тағдыры” қозғалысының конференциясында сөйлеген сөзін мына жерден көре аласыздар.

Сайлауалды бағдарлама

Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында алты негізгі тармақ бар:

  1. Саяси бостандықтар – БАҚ, кәсіподақтар, сайлау және саяси партиялар туралы заңдардың өзгеруі. Парламенттік-президенттік басқару нысанына көшу. Сөз бостандығы, яғни митингілер мен шерулер өткізу құқығы ешбір түрде шектелмеуге тиіс.
  2. Ұлттық болмыс — қазақ тілінің рөлін күшейту. Мемлекеттік тілді білуі міндетті кәсіптер тізімін анықтау. Толық декомунизация және қоғамдық сананы десоветизациялау. Басқа елдердегі барлық қазақ диаспораларына тарихи отанына оралуға және Қазақстан азаматтығын алуға кепілдік.
  3. Сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі Тәуелсіздік – Қазақстанның саяси дамуының басты бағыты Еуропалық Одақ елдері болуы тиіс. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі трансұлттық компаниялармен барлық халықаралық шарттарды Қазақстан мүдделерінің пайдасына қайта қарау. Шет елден бақылаусыз кредиттер алу практикасын тоқтату. Сыртқы саясатта көпвекторлы дипломатияның практикасына оралу. Түркі тілдес әлеммен ынтымақтастықты жаңғырту. Қазақстанның Ұлттық, әскери, экономикалық, идеологиялық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мемлекеттің экономиканың стратегиялық маңызды салаларының кәсіпорындарында акциялардың бақылау немесе оқшаулау пакеті болуы тиіс.
  4.  Жемқорлыққа жол жоқ — Мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің кірістері мен шығыстары туралы ақпараттың ашықтығы. Сыбайлас жемқордың барлық мүлкін тәркілеу, оған рақымшылық жасау және Мемлекеттік қызметке қайта кіру сияқты практикаларға тыйым салу. Статистика қызметінің объективтілігін қалпына келтіру. Барлық шығындық Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың толық ауқымды аудиті.
  5. Өркениетті және халықшыл экономика – шикізаттық тәуелділіктен ғылымды қажетсінетін өндіріске көшу. Аграрлық секторды дамыту. Елдің экспорттық әлеуетін арттыру. Адал бәсекелестікті дамыту, монополизмді шектеу. Соның арқасында тауарлар, коммуналдық қызметтер бағасын төмендету және олардың сапасын арттыру. Зейнетақы активтеріне қол сұғылмаушылыққа, оларды тек азаматтың рұқсатымен ғана пайдалануға және басқаруға кепілдік беру.
  6. Бақуатты аймақтар-бақуатты мемлекет мемлекет – барлық экологиялық зиянды кәсіпорындарды жабу және қайта бейіндеу. Арал мен Семейде экологиялық жағдайды жақсарту. Шетелдік серіктестермен бірлесіп, “Байқоңыр” ғарыш айлағын технологиялық дамыған рельстерге көшіру. Атом электр станцияларын салуға тыйым салу, баламалы, экологиялық таза энергия көздерін дамыту. Қазіргі сәйкессіздікті біртіндеп жойып, өңірлерді біркелкі және әділ қаржыландыруды қамтамасыз ету. Нақты жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту. Ауылдық округтер, аудандар, қалалар әкімдерінің тікелей сайлауына өту.

Сайлау алдындағы платформаның контент-талдауының нәтижесі жиі қолданылатын сөздер “барлығы”, “ел” және “қамтамасыз ету”болып табылатынын көрсетеді. Сондай-ақ, сайлау алдындағы бағдарламада Әміржан Қосанов бизнес, жастар саясаты және әлеуметтік саясат сияқты салалар туралы сөз қозғаған жоқ.

Қатысушының профайлы:

    • ТАЖ: Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы
    • Туған күні: 13.05.1964
    • Жасы: 55
    • Бастапқы тіркеу орны: Алматы қаласы, Әуезов ауданы

Сайлау учаскесі

  • Қала: Алматы
  • Сайлау учаскесінің нөмірі: 381
  • Сайлау учаскесінің мекен-жайы: САМАЛ – 2 ш/а , 22 үй
  • Сайлау учаскесінің ғимараты: Момышұлы атындағы 131 мектеп-лицейі КММ

Құқықбұзушылық

  • Айыппұлдар: жоқ
  • Салықтар: жоқ
  • Қарыздары: жоқ

Борышкерлер тізімі

  • Қарыздары: жоқ

ҚР-нан шығуын шектеу

  • Шығуға тыйым салынған: Жоқ

Жеке кәсіпкер

  • ЖК: жоқ

Бірінші басшы

  • Лауазым: жоқ

Салық төлеушілер тізімі

  • Тіркеу жарамсыз деп танылды: жоқ
  • Заңды мекен – жайда жоқ: жоқ
  • Банкрот: жоқ
  • Жалған кәсңпкер: жоқ

Лицензиялар

  • Лицензия саны: 0

Мемлекеттік сатып алу

  • Мемлекеттік сатып алуға қатысушы: жоқ
  • Жосықсыз сатып алуға қатысушы: жоқ

Самрұқ-Қазына

  • Дұрыс өнім беруші: мәлімет жоқ
  • Сенімсіз өнім беруші: мәлімет жоқ
  • Холдинг тауарөндірушісі: мәлімет жоқ

Іздестіру

  • Экономикалық қылмысқа қатысы: Жоқ
  • Терроризмді қаржыландыруға қатысы: Жоқ
  • Алимент бойынша: Жоқ
  • Қылмыс бойынша: Жоқ
  • Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлға: Жоқ
  • Атқарушы құжаттар бойынша: Жоқ

Сот актлері

  • Әкімшілік істер: Жоқ
  • Қылмыстық істер: Жоқ
  • Азаматтық істер: Жоқ

Педофилдер тізімі

  • Құрамында: Жоқ

Әлеуметтік желілер
Әміржан Қосанов үш түрлі платформада тіркелген, бұл беттер:

Аслан Сеит
Изучаю пост-правду. Отдельное почтение журналистике данных. Практикующий специалист SMM, ведь в мире не без этого.