Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болғаны рас па?

Материал 2020 жылдың 24 қыркүйегінде жаңа деректердің жариялануына байланысты Factcheck.kz сайтында жарияланған мәтіндерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ережесіне сай жаңартылды.

2020 жылдың 24 қыркүйегінде, көпшілік арасында жиі талқыланған материал жариялағалы бір айға жуық өткеннен кейін, CTBTO сайтында Назарбаев пен Халоненнің “чемпиондығына” қатысты ресми хабарлама жарияланды. Заметкада былай делінген:

Екі елдің бұрынғы басшылары – Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Финляндияның бұрынғы президенті Тарья Халонен – ядролық сынақтар мен қарулардан азат әлем үшін күрескерлері ретінде ЯСЖТШҰ көрнекті қайраткерлері қатарында күреседі.

Ағылшын тіліндегі түпнұсқасы: Two former heads of state – First President Nursultan Nazarbayev of Kazakhstan and former Finnish President Tarja Halonen – are taking on a new role as Champions of a Nuclear Test Free World for a Nuclear Weapons Free World, under the umbrella of the CTBTO’s Group of Eminent Persons

Қазақстанның және Финляндияның бұрынғы президенттері Назарбаев пен Халонен енді CTBTO’ның көрнекті қайраткерлерінің қатарына енгізілді. Бұл Қазақстанның СІМ-нің шабыттана таратқан ақпаратына жақын. Десе де, бірнеше сұрақ әлі де жауапсыз қалып отыр: материалдың 28 күннен кейін ғана ресми жариялануы (тым кеш емес пе?), болған жиынның құжаттарында СІМ жариялаған ақпараттың болмауы және ресми ақпараттың СІМ таратқан ақпараттан әлі де өзгеше болуы.

Аударма барысындағы қиындықтар (ағылшын тіліндегі champion сөзі қазақ және орыс тіліндегі “чемпион” сөзіне қарағанда бірнеше мағынаны білдіреді және “күрескер, қорғаушы” деп те аударылады) мен өзге де мәліметтерді төмендегі материалдан оқысаңыз болады. Қазір сайт редакциясы CTBTO’ға ақпараттың кешігіп жариялануына және өзге де күмәнді тұстарына қатысты арнайы сауал дайындап жатыр. Қандай да бір дерек белгілі болған жағдайда өздеріңізбен бөлісеміз.

Төменнен 2020 жылдың 28 тамызында жарияланған материалды оқи аласыздар.

ҚР СІМ ақпараты бойынша, «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді».

Дегенмен Лассин Зербоның баяндамасындағы Қазақстанның аты аталған жерде Нұрсұлтан Назарбаевқа мәртебе беру, оның ішінде «ядролық сынақтардан азат әлем үшін» мәртебесі туралы мүлдем ештеңе айтылмаған. Бұл туралы шығыстанушы Жар Садыхан өзінің инстаграмында жазды, Facebook-те Зардыхан байқаған дерек туралы әріптесіміз Зарина Ахматова бөлісті. Біз мәліметтерді тексеріп, жұмсартып айтқанда, СІМ хабарламасына таңқалдық.

Атқарушы хатшы былай деген (18:54-те басталады):

I want thank you, to thank both Presidents — Nazarbayev… former President Nazarbayev and President Tarja Halonen for championing The Сomprehensive Nuclear Test Ban Treaty Group of Eminent Persons

Аудармасы мынадай: «Мен сіздерге алғыс айтқым келеді, екі президентке – Назарбаев… бұрынғы президент Назарбаев пен президент Тарью Халоненге Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт бойынша көрнекті қайраткерлер тобына қолдауы үшін алғыс айтамын». Яғни, спикер The Group of Eminent Persons (GEM, Көрнекті қайраткерлер тобы) мүшелері ретінде шартты ілгерілетуге қатысқаны үшін саяси қайраткерлер – Назарбаев пен Халоненге алғыс айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық сынақтардан азат әлем үшін чемпион» мәртебесіне ие болғаны рас па?

Бас Ассамблеяның 74-сессиясының төрағасы Тиджани Мухаммад-Банде де сөйлеген сөзінде Қазақстанды атап өтті, бірақ «мәртебе» туралы сөз қозғаған жоқ.

 I would like to recognize the role of Finland and Kazakhstan in championing the cause to ban nuclear test explosions and indeed all other nuclear explosions

Аудармасы:

Мен Финляндия мен Қазақстанның ядролық сынақтарға және басқа да ядролық жарылыстарға тыйым салу ісін ілгерілетудегі рөлін мойындағым келеді.

Көріп отырғанымыздай, екеуінің де сөзінің аудармасында экс-президентке «жаңа бірегей мәртебе» беру туралы ештеңе жоқ. Championing сөзі «қолдау, қорғау, жақтау» мағынасын да білдіреді. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының сайтында ҚР СІМ жариялаған мәтінге ұқсас тұжырымдама жоқ. Ағылшын тілді сайттардың (оның ішінде БҰҰ сайты да бар) ядролық сынаққа қарсы күрес тұжырымдамаларында Champion сөзі «күрескер» мағынасында қолданылады.

Ағылшын тілінде жаңалықты Neweurope.eu, Inform.kz порталдары және тәжіктің Asia-plus ресурсы жариялаған. Үш материалда да авторлар дереккөз ретінде ҚР СІМ-не сілтеме жасаған, басқа еш жерде «мәртебе беру» туралы хабарланбаған.

Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт ұйымының сайтында Қазақстанның бұрынғы президентіне «чемпион мәртебесін» беру туралы жаңалық жоқ.

Қорытынды

  • ҚР СІМ тағы да ыңғайсыз жағдайға қалған сияқты. Бұл жолы қате аударма ақпараттың бұрмалануына және осы күйінде БАҚ-тарда жаппай жариялануына себеп болды. СІМ аудармашылары аударманың орынсыз естілетініне қысылмаған тәрізді.
  • Әңгіме «бірегей мәртебе» туралы емес, ядролық сынақтарға тыйым салу үшін күресте Назарбаев пен Тарья Халоненнің елеулі үлесін мойындау туралы болды. Жалпы бұл шын мәнінде үлкен жетістік, бірақ жаңалық емес.
  • «Чемпиондар» сөзі қазақ тілінде мәтін ішінде дыбыс тұрғысынан орынсыз естілгенімен, БҰҰ «Жер чемпиондары» және «Жердің жас чемпиондары» бағдарламаларында экологияға және оны жақсартуға үлес қосатындарға қолданады. Бірақ бұл тізімде Назарбаевтың аты аталмаған.
  • ЯСЖТШҰ-ға АҚШ-тың жоғары лауазымды тұлғалары америкалық БАҚ-та талқылаған демонстрациялық ядролық сынақ жарылысын өткізуге қарсы шыққан көрнекті қайраткерлер тобына кіреді. Тексеру кезінде Қазақстанның бұрынғы президентінің атын топ мүшелерінің тізімінен таппадық.
  • Біз бұл жағдайды техникалық қателіктен туындаған манипуляция деп бағалаймыз.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz