NASA Жермен бірдей алғашқы планетаны тапқанын хабарлағаны рас па?

10 қаңтарда «Российская газета» сайтында жарияланған материалда былай делінген:

NASA астрономдары барлық параметрлері Жерге сәйкес келетін, сонымен қатар сұйық күйдегі судың болуы мүмкін және микроағзалардың дамуына қолайлы, жұлдызының жанында тіршілік ортасы бар планетаны тапқаны туралы мәлімдеді. Бұл туралы NASA баспасөз хабарламасында айтылған.

NASA Жермен бірдей алғашқы планетаны тапқанын хабарлағаны рас па?

Үкім: Жартылай шындық

Аудармадан кеткен қателік ақпараттың дұрыс таралмауына әсер еткен. Анықтауын анықтады, бірақ… біріншіден, газет сілтеме берген NASA хабарламасында планетада микроағзалардың өмір сүруіне жасалған жағдай туралы тіпті жорамал түрінде де ештеңе айтылмаған. Екіншіден, бұл көлемі бойынша Жермен салыстырылған және жұлдызының тіршілік ету зонасы бар NASA анықтаған бірінші ғаламшар емес.

Ол тек TESS (Transiting Exoplanet Survey Satellite — транзитті тәсілмен экзопланеталарды ашуға арналған) үшін бірінші болды. Спутник Spitzer ғарыштық телескопымен жабдықталған.

NASA хабарламасында бұрын мұндай ғаламшарлар TRAPPIST-1 жүйесінде анықталатыны, сонымен қатар оны Kepler ғарыш телескопы табатыны айтылған. Біз жұлдызы орбитасының тіршілік ету зонасында орналасқан экзоғаламшарлар (күн жүйесіне жатпайтын ғаламшарлар) туралы айтып отырмыз. Мысалы, K2-288Bb. Бұл ғаламшар Жерден екі есе үлкен, өз Күнін айналады, нақтырақ айтсақ, М типті жұлдызды (қызыл ергежейлі) 31,3 күнде айналып өтеді және онда су болуы МҮМКІН. Немесе Kepler-452b (ғаламшардың қозғалып тұрған үлгісі, суреттегі үлгі төменде), Kepler-186f және басқалары.

NASA Жермен бірдей алғашқы планетаны тапқанын хабарлағаны рас па?

TESS анықтаған TOI 700 d ғаламшарындағы су мен микроағзаларға келер болсақ, ол туралы NASA сайтында былай делінген:

Жұлдыздың параметрлеріне түзету енгізген кезімізде оның ғаламшарының мөлшері кішірейіп қалды, біз олардың ішінде неғұрлым сырт жақта орналасқаны тіршілік ету зонасында және Жер көлемімен бірдей болғанын анықтадық. Сонымен қатар, біз ақпарат жинаған 11 ай ішінде жұлдыздан (ғаламшар айналып жүрген) жарқыл көрмедік, ол TOI 700 d тіршілік етуге қолайлы болу мүмкіндігін жоғарылатады және оның атмосфералық және беткі жағдайларының үлгісін жасауды жеңілдетеді.

Эмили Гилберт, NASA

Жалпы ғалымдар TOI 700 d ие болуы мүмкін 20 әртүрлі ортаның үлгісін жасады.

TOI 700 d моделі

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz