Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының иелері анықталды

2021 жылы америкалық ғалымдар Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутян физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Нобель сыйлығының ресми сайтында хабарланды.

Ғалымдар температура мен жанасу рецепторларын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алды. Сонымен бірге, жылу, суық пен жанасу адамның жүйке жүйесіндегі сигналдарға бастамашы болатынын зерттеген.

Сонымен қатар, лауреаттардың адам сезімі мен қоршаған орта арасындағы маңызды жетіспейтін байланысты анықтағаны жазылған.

Былтыр физиология және медицина саласындағы Нобель сыйлығы америкалық Харви Олтер, Чарльз Райс және британдық Майкл Хоутонға берілді. Олардың жұмысы гепатит С вирусын анықтауға көмектесті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz