Мәскеу соты «Радио Свобода» сайтына 18 миллион рубль айыппұл салды

Мәскеудегі Дүниежүзілік сот «Радио Свобода» сайтына «тыйым салынған» ақпаратты өшірмегені үшін 18 миллион рубль айыппұл салды. Бұл туралы 16 мамырда Мәскеудің Тверьский сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Интерфакс» сайты хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Радио Свобода» «тыйым салынған» ақпарат таратқан 18 жағдай үшін кінәлі деп танылған және әр бұзушылық үшін редакцияға 1 миллион рубль айыппұл салынған.

Бұған дейін де сот «Радио Свобода» сайтына 15 миллион және 12,8 миллион рубль айыппұл салған.

Редакцияның веб-сайты Роскомнадзордың негіздемесіне сай, «Украина аумағында болып жатқан оқиғалар туралы фейк таратқандықтан» 2022 жылдың 4 наурызынан бастап Ресейде бұғатталған.

«Интерфакс» дерегінше, 2021 жылдан бастап Роскомнадзор Ресейде ашылған «Радио Свободная Европа/Радио Свобода» ЖШС және оның бас директорына БАҚ-тарды шетелдік агент деп белгілеуге қатысты талапты бұзғаны үшін жалпы 230 миллион рубльге 800-ден астам хаттама толтырған.

Контекст

  • Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Роскомнадзор БАҚ-қа «Украинадағы жағдай» туралы жаңалық таратқанда тек ресейлік ресми дереккөзге сілтеме жасауға болатынын; ал талап орындалмаса, медиа бұғатталатынын және редакцияға 5 миллион рубльге дейін айыппұл салынатынын ескертті.
  • Сонымен қатар, Ресейде ресейлік әскер туралы «жалған» ақпарат таратуға қарсы заң қабылданды; оған сай, соғысқа ашық наразылық көрсеткен азаматтарды қоса алғанда, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
  • Соғыс басталғаннан кейін Ресейдегі тәуелсіз медианың барлығы дерлік «арнайы әскери операция туралы жалған ақпарат таратты» деген сылтаумен бұғатталды.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz