Манипуляция | Мади Ахметов: Мен Nur Otan партиясында ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар

13 қаңтар Tengrinews.kz сайтында Nur Otan партиясы атынан 25 жастағы ең жас депутат болып сайланған Мади Ахметовтың сұхбаты жарияланды. Ол депутаттардың тізімінде 30 жасқа дейінгі басқа әріптестері бар екенін айтты. Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Nur Otan партиясында мен ең жас депутатпын, бірақ менің 30 жасқа дейінгі әріптестерім бар. Мысалы, Елнур Бейсенбаев, Вера Ким және басқалар.

Сұхбаттан үзінді

Үкім: Манипуляция

Nur Otan партиясы ресми сайтындағы мәжіліске барған 76 депутаттың тізімінен Ахметовтан өзге 30 жасқа дейінгі депутатты таппадық. Ахметов айтқан Е. Бейсенбаев 1986 жылы (35 жасқа толады), ал Вера Ким 1982 жылы (39 жасқа толады) туған. Екеуін де 30 жасқа толмаған деуге келмейді.

Мәжілістің жаңа құрамындағы екінші “ең жас депутат” — Зульфия Сулейменова. Ол 1990 жылы дүниеге келген. Биыл 31 жасқа толады.

Контекст

Nur Otan партиясынан сайланған депутаттардың ішінде ең үлкені — Мейрамбек Мылтықбайұлы. Биыл 64 жасқа толады. Одан кейін Ержан Құдайберген мен Турганов Дюсенбай. Олар биыл 62 жасқа толады. 2021 жылы Назарбаевтың партиясынан сайланған депутаттардың орташа жасы – 50,6.

Nur Otan партиясынан сайланған 76 депутаттың тізімі *

* Ескерту: Депутаттардың 2021 жылы қанша жасқа толатыны көрсетілген және ақпарат Орталық сайлау комиссия сайтынан алынды.

  1. Тулепберген Мейрамбек Мылтыкбайулы – 1957; (64 жас)
  2. Ержан Кұдайберген Төлепұлы – 1959; (62 жас)
  3. Турганов Дюсенбай Нурбаевич – 1959; (62 жас)
  4. Тайжанов Ерлик Серикбаевич – 1960; (61 жас)
  5. Смағұл Бахытбек – 1960; (61 жас)
  6. Рахимжанов Амерхан Муратпекович – 1960; (61 жас)
  7. Рау Альберт Павлович – 1960; (61 жас)
  8. Құлшар Мәлік Иманқұлұлы – 1960; (61 жас)
  9. Казанцев Павел Олегович – 1960; (61 жас)
  10. Жамалов Аманжан Макаримович – 1960; (61 жас)
  11. Бойчин Анатолий Васильевич – 1960; (61 жас)
  12. Құспан Айгүл Сайфоллақызы – 1961; (60 жас)
  13. Омарбекова Жанат Ануарбековна – 1961; (60 жас)
  14. Панченко Игорь Иванович – 1961; (60 жас)
  15. Торгаев Беккали Нургалиевич – 1961; (60 жас)
  16. Уисимбаев Аскарбек Съезбекович – 1961; (60 жас)
  17. Адамбаев Сырым Жуматаевич – 1962; (59 жас)
  18. Камасова Зарина Айдархановна – 1962; (59 жас)
  19. Мыңбай Дархан Қамзабекұлы – 1962; (59 жас)
  20. Нигматулин Нурлан Зайруллаевич – 1962; (59 жас)
  21. Назарбаева Дарига Нурсултановна – 1963; (58 жас)
  22. Акишев Самат Сагинбаевич – 1963; (58 жас)
  23. Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы – 1963; (58 жас)
  24. Каратаев Фахриддин Абдинабиевич – 1963; (58 жас)
  25. Бердалин Амангалий Бисенбаевич – 1964; (57 жас)
  26. Нурманбетова Джамиля Нусупжановна – 1964; (57 жас)
  27. Унжакова Ирина Сергеевна – 1964; (57 жас)
  28. Кусаинов Марат Апсеметович – 1965; (56 жас)
  29. Нурумова Гульдара Алданышевна – 1965; (56 жас)
  30. Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – 1966; (55 жас)
  31. Кесебаева Балаим Туганбаевна – 1966; (55 жас)
  32. Мусин Канат Сергеевич – 1966; (55 жас)
  33. Накпаев Салимжан Жумашевич – 1966; (55 жас)
  34. Нуркина Айгуль Кабдушевна – 1966; (55 жас)
  35. Сартбаев Бауржан Мейрамбекович – 1966; (55 жас)
  36. Тілеухан Бекболат Қанайұлы – 1966; (55 жас)
  37. Нуров Канат Ильич – 1967; (54 жас)
  38. Павловец Лариса Павловна – 1967; (54 жас)
  39. Кожахметов Арман Тулешович – 1967; (54 жас)
  40. Бекжанов Берик Айдарбекович – 1967; (54 жас)
  41. Ташкараев Гани Абдуганиевич – 1968; (53 жас)
  42. Абасов Кайнар Бегалиевич – 1969; (52 жас)
  43. Бижанова Гульнара Кадиржановна – 1969; (52 жас)
  44. Мусабаев Самат Базарбаевич – 1969; (52 жас)
  45. Амреев Галым Махмутбаевич – 1970; (51 жас)
  46. Саиров Ерлан Бияхметович – 1970; (51 жас)
  47. Әбдіғалиұлы Берік – 1971; (50 жас)
  48. Тельпекбаева Жанна Тлеубековна – 1972; (49 жас)
  49. Симонов Сергей Анатольевич – 1973; (48 жас)
  50. Рамазанова Лаззат Керимкуловна – 1973; (48 жас)
  51. Платонов Артур Станиславович – 1974; (47 жас)
  52. Сарым Айдос Әміроллаұлы – 1975; (46 жас)
  53. Колода Дмитрий Владимирович – 1975; (46 жас)
  54. Ашимжанов Жанарбек Садыканович – 1976; (45 жас)
  55. Оспанов Берик Серикович – 1976; (45 жас)
  56. Раззак Назиля Раззакбаевна – 1976; (45 жас)
  57. Алимбаев Данияр Кенгазыевич – 1977; (44 жас)
  58. Елеуов Галымжан Алмасбекович – 1978; (43 жас)
  59. Жулин Юрий Викторович – 1979; (42 жас)
  60. Имашева Снежанна Валерьевна – 1981; (40 жас)
  61. Елюбаев Мади Сагинтаевич – 1982; (39 жас)
  62. Ертаев Сырым Махамбетович – 1982; (39 жас)
  63. Закиева Динара Болатовна – 1982; (39 жас)
  64. Ким Вера Александровна – 1982; (39 жас)
  65. Кучинская Юлия Владимировна – 1982; (39 жас)
  66. Смышляева Екатерина Васильевна – 1982; (39 жас)
  67. Сулейменова Жулдыз Досбергеновна – 1983; (38 жас)
  68. Тажмагамбетова Макпал Мазаковна – 1983; (38 жас)
  69. Сапарова Алия Суиндиковна – 1984; (37 жас)
  70. Абсеметова Алия Маратовна – 1984; (37 жас)
  71. Бейсенбаев Елнур Сабыржанович – 1986; (35 жас)
  72. Абаканов Елдос Нурболович – 1988; (33 жас)
  73. Адамбеков Тилектес Серикбайулы – 1989; (32 жас)
  74. Шиповских Геннадий Геннадиевич – 1989; (32 жас)
  75. Сулейменова Зульфия Булатовна – 1990; (31 жас)
  76. Ахметов Мади Абылаевич – 1995. (26 жас)

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz