Коронавирус | Адыраспанды тұтатып, түтінін иіскеу пайдалы ма?

Соңғы күндері желіде “Адыраспанды түтіндету (буымен тыныстау секілді) коронавирусқа қарсы тұрады” деген ақпарат тарап жатыр. Ендеше тексерейік.

https://www.instagram.com/p/CCbfBDVgEjk/?utm_source=ig_embed

Үкім: Жалған

Адыраспанның коронавирусқа қарсы мүлдем тиімсіз екенін, тіпті аллергиясы барлар үшін қауіпті екенін наурызда дәрігер аллерголог-иммунолог Гаухар Сембиева 24.kz арнасына берген сұхбатында айтқан. Ол кезде адыраспанды түтіндету Атырауда кең тарай бастаған еді. Оның кері пайдасы мен тиімсіздігі туралы Ферғана да ескерткен.

Оған қоса бұл шөптің құрамында Қазақстан Республикасында бақылауда тұратын есірткі құралдары, психотропты заттар және прекурсор тізіміндегі психобелсенді заттар бар. Сол себепті адыраспанмен аластау, түтінімен тыныстау коронавирусты емдеуге көмектеспегені былай тұрсын, денсаулығыңызға қауіпті болары сөзсіз..

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz