Қазандағы теракт: билік желіде тараған фейктерді жоққа шығарды

Татарстан билігі мектептегі атыстан кейін пайда болған жалған мәліметтерді жоққа шығарды. 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы № 175 мектептегі оқушыларға қарулы шабуыл жасалды. Нәтижесінде сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы TACC хабарлады.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Қазандағы мектепке қарулы шабуыл жасаған 19 жастағы жігіт жалғыз әрекет еткен. Ол ұсталғаннан кейін кейбір дереккөздер мектепке шабуыл жасағандар екеу болды және оның бірін ұстау барысында ажал құшқанын хабарлаған. Бұл ақпаратты Татарстан президенті баспасөз қызметі жалған деп таныды.

Осы оқиғадан кейін, интернетте басқа да мектептердегі атыс туралы ақпарат тарай бастады. «Tatar-inform» сайтының хабарлауынша, Қазан әкімдігі бұл ақпаратты да жоққа шығарды.

Бұған қоса, «Мәскеу ауданының №2 және Совет ауданындағы №110 мектептердегі оқиға туралы әлеуметтік желідегі ақпарат жалған болып табылады», – деп қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Накануне» газетінің хабарлауынша, «қауіпсіздік күштері қаланың 175-мектебінде ғана емес, басқа да оқу орындарында атыс болғаны» туралы жалған ақпарат таратты деген күдікпен кем дегенде екі адамды ұсталған.

Сонымен қатар, билік шабуылда жарақат алғандарға қан жетіспейтіндігі туралы таратылған хабарламаларды да жоққа шығарды. Бұған жауап ретінде «Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Татарстан клиникалары барлық керек жарақтармен қамтамасыз етілген, соның ішінде донорлық қан қоры да бар», – деді департаменттің баспасөз қызметі.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz