Қазақстандағы өлім-жітімнің 84% себебі – инфекциялық емес аурулардан екені рас па?

5 сәуір күнгі үкіметтің кезекті отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бірнеше қызықты мәлімдеме жасады, олардың бір бөлігін біз тексердік. Бүгін инфекциялық емес аурулардың тұрғындар арасындағы өлім деңгейі мен экономикаға әсерін талдаймыз.

Тайм-код: 25:16

Мәлімдеме: Қазақстанда инфекциялық емес созылмалы аурулардың көбеюі денсаулық сақтау жүйесімен қатар ел экономикасына да айтарлықтай жүктеме түсіреді. ИЕА (Инфекциялық емес аурулар) Қазақстандағы өлім-жітімнің 84%-на себеп болып отыр. Кейінгі зерттеу мәліметі бойынша, инфекциялық емес аурулардың негізгі төрт тобынан болуы мүмкін мерзімінен бұрын өлім әйелдермен салыстырғанда (19%) ер азаматтарда 27% жоғары.

Ажар Ғиният

Үкім: Шындыққа жақын

Айта кетейік, министр атап өткен деректер дұрыс, бірақ толықтай өзекті емес. Ажар Ғиният мәлімдемелерінде 2014-2017 жылдардағы деректерді негізге алған. Бірақ, ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының 2019 жылы жарияланған (ашық дереккөздерден одан кейінгі нұсқалар табылмады) баяндамасында, расында, Қазақстан экономикасына инфекциялық емес (ИЕА) аурулардан келген жалпы шығын 2,3 трлн теңге болған, ол 2017 жылдың жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 4.5%-ы. Коронавирус пандемиясы өлім себептерінің арақатынасына әсер еткені анық, бірақ басқа деректерді біз 2022 жылғы жағдай үшін де өзекті деп қарастыра алатын тәріздіміз.

ДДСҰ бағалауынша, 2016 жылы Қазақстанның ИЕА емдеуге кеткен шығыны 0,3 млрд теңге болған. Оған қоса, баяндамада айтылғандай, мемлекет шығыны «айсбергтің беті» ғана. Еңбек өнімділігінің төмендеуімен байланысты экономикаға келген жасырын шығындар 2 трлн теңгені құраған.

Осы баяндамада былай делінген: 2014 жылғы дерек қорытындысы бойынша Қазақстандағы өлім-жітімнің 84%-ның себебі – инфекциялық емес аурулар. 2016 жылғы ақпарат бойынша ИЕА негізгі төрт тобынан (жүрек-қан тамыр аурулары, диабет, созылмалы респираторлы аурулар және қатерлі ісік) болған мерзімінен бұрын өлім дәрежесі Қазақстан азаматы үшін – 27%, әйелдерге қарағанда (19%) ер адамдарда қауіп жоғары – 37% (WHO, 2017a). 

Экономикаға келетін залал

ИЕА болған экономикалық шығынның құрылымы мынадай:

Қазақстандағы өлім-жітімнің 84% себебі – инфекциялық емес аурулардан екені рас па?
Дереккөз

Кестеде 2017 жылға жататын деректер көрсетілген. ДДСҰ ақпаратынша, жүрек-қан тамыр ауруларынан да көбірек шығын келеді екен – 1126,3 млрд теңге, оның 967,8 миллиарды – экономикаға келген жалпы шығын, бұл сырқаттан мерзімінен бұрын өлім болған жағдайдағы шығын – 908,8 млрд, формалды жұмыста болу – 47,6 млрд,уақытша еңбекке жарамсыздық салдарынан — 11,3 млрд. Сонымен қатар мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесінің жүрек-қан тамыр аурулары бар азаматтарды емдеуге 2017 жылы 154,4 млрд қаражаты кеткен.

Ескерту: ДДСҰ мен БҰҰ экономикалық залалды есептеу үшін арнайы дайындалған тәсілді пайдаланған. Мәселен, инфекциялық емес аурулардың қай дәрежесінде еңбек өнімділігі азаятынын анықтау үшін мынадай ғылыми дереккөздер пайдаланылған.

Қазақстандықтар неден қайтыс болады?

2014 жылғы мәліметке сүйеніп ДДСҰ Қазақстандағы 84% өлім-жітімнің себебі – ИЕА деп мәлімдейді. Кейінгі ақпаратты қарап көрейік.

Былтыр қыркүйекте жарияланған денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық жинағында және Ұлттық статистика бюросының құжатында мынадай ақпарат берілген:

Қазақстандағы өлім-жітімнің 84% себебі – инфекциялық емес аурулардан екені рас па?
Дереккөздер: 1,2

Ескерту: Ұлттық статистика бюросының статистикалық құжаттарында жазатайым жағдайлар, улану мен жарақаттың (57,8) жалпы көрсеткішіне адам өлтіру (100 мың тұрғынға шаққанда 3,6), өзіне қол жұмсау (11,4), көліктегі жазатайым оқиға (11,4) кіре ме – түсініксіз.

Дегенмен, көріп отырғандарыңыздай, 2020 жылғы инфекциялық емес сипаттағы себептердің негізгі бағыттары бойынша өлім-жітім (қан айналым жүйесінің аурулары, ісіктер, ас қорыту органдарының аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, сондай-ақ жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану) 100 мың адамға шаққанда 2020 жылға шамамен 532,45 жағдайды құрады. Жалпы көрсеткіш 100 мың тұрғынға 860,24 жағдай болғанда, 2020 жылы жоғарыда аталған себептерден болған өлім-жітім шамамен 62%-ға жеткен. Екі нәрсеге назар аударған жөн: біріншіден, 2020 жылы тыныс алу органдары ауруларынан болған өлім саны айтарлықтай артты (2019 жылы 100 мың тұрғынға 87,89 болған болса, 2020 жылы 122,88-ге көбейген), екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасында диабеттен немесе болуы мүмкін инфекциялық сипаттағы аурулардан болған өлім-жітім туралы ақпарат жоқ. Олардың саны аз болғандықтан болар деп болжадық. Мүмкін, диабеттен болған өлім сипатына қарай басқа себептердің қатарына жататын шығар. Дегенмен диабет ДДСҰ баяндамасында инфекциялық емес аурулардың негізгі 4 тобының бірі ретінде айтылады. Эндокриндік аурулар, ас қорытудың бұзылуы және зат алмасудың бұзылуынан болатын аурулар 100 мың қазақстандыққа шаққанда 5191,5 жағдай болып тұр.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz