Қазақстан мен Молдовадағы ажырасу құны: судья Кәрібжанов неден қателесті?

23 қазанда Алматы қалалық сотының соты Біржан Кәрібжанов Қазақстан соттарының VIII съезінде президент Қ.Тоқаевқа баяндама жасады. Ел экономикасының жағдайын түсінетінін айтып, Кәрібжанов мемлекеттік бюджетке салмақ түсірмеуді ұсынды. Бірақ оның орнына ажырасуға арыз бергені үшін мемлекеттік бажды көтеруді ұсына отырып, Өзбекстан мен Молдовадағы мысалды келтірді. Ал адвокат Джохар Утебеков соттың мәлімдемесін өтірік екенін жазып, ызаланды. Утебеков сенімді деректерді келтірсе де, Factcheck.kz Кәрібжановтың мәлімдемесін тексеріп шықты.

Сот жүйесіне мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражат мөлшері пайыздық деңгейде бекітілуі тиіс. Әрине, мен экономиканың жағдайын түсінемін. Менің ойымша, бұл мәселені шешудің басқа да жолы бар. Бұл мемлекеттік баждың өсуі. Мысалы сот арқылы ажырасудың құны 830 теңге. Өзбекстанда 25 есе, осы жүйе бойынша Молдовада 120 есе көп.

Біржан Кәрібжанов

Үкім: Жалған

Молдовада сотта ажырасу процесі өтініш берілген күні өтеді. Ажырасудың оңай әрі үнемді тәсілі — өзара келісім жасау. Егер ерлі-зайыптылардың балалары мен материалдық жағдайға байланысты жанжалы болмаса, әрқайсысы 100 лей (шамамен 2546 теңге) мемлекеттік баж төлеуі керек. Кәрібжановтың Молдовада мемлекеттік баждың 120 есе қымбат деген дерегі шындыққа жанаспайды.

Адвокат Утебековтың Молдовадағы нотариус арқылы ажырасу туралы мәлімдесінде қателеспеді. 2019 жылы 1 наурызда нотариуста ажырасу туралы заң күшіне енді. Бұл процедура сот инстанциясына жүктелген ауыртпалықты азайту үшін енгізілген.

Өзбекстанда жұмыс жасайтын “S.Verenin’ s legal group” (адвокаттар фирмасы) дерегінше, ерлі-зайыптының өзара келісімімен ажырасу кезінде мемлекеттік баж құны — 150 пайыз ЕТЖ (ең төменгі жалақы). 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап Өзбекстандағы ең төменгі жалақы — 679 330 сум. Егер осы жалақының 150 пайызын есептесек — 1 018 995 сум. Теңгеге шаққанда — 42 280 теңге.

Демек, судья айтқан статистика дұрыс емес. Өзбекстанда ажырасатын жұп Кәрібжанов айтқандай 25 есе емес, Қазақстаннан 50 есе қымбат (42 280 теңге) мемлекеттік баж төлейсіз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz