Қазақстан доллар сатып алуға тыйым салды ма?

13 қараша әлеуметтік желі мен орыстілді сайттарда “Қазақстанда доллар сатып алуға тыйым салды” деген ақпарат тарады. Facebook пен WhatsApp мессенджерде де жиі бөлісілген, бір қарағанда фейкке ұқсаған ақпараттың рас-өтірігін бірге тексеріп көрейік.

Қазақстан доллар сатып алуға тыйым салды ма?
WhatsApp арқылы келген хабарлама

Үкім: Манипуляция және техникалық қате

Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ұлттық Банк Ұлттық валютаның еркін айналымда болуын ұстанғанын және солай болып қала беретінін, шетел валютасымен операцияларды кешіктірмейтінін, оның үстіне шектемейтінін айтты.

Жаңалықтың дереккөзі Bloomberg.com сайты. Мақалада Ұлттық банк биыл мұнайдың құлдырауына байланысты теңгенің әлсіреуіне жол бермеу үшін шетел валютасымен жасалатын кейбір келісімге шектеу қойғанын жазған. Сондықтан кейбір тақырып – манипуляция. Себебі түпнұсқа материалда Ұлттық Банктің валюта сатып алу және сатуға қатысты ешқандай ақпарат жоқ.

Bloomberg мақаласында келтірілген ақпараттың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнама нормалары шеңберінде қабылданған шараларға қатысы бар сияқты.

Әлия Молдабекова, Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары

Техникалық қате! Мақаланың тұпнұсқасында “Қазақстанның Орталық банкі” деп жазылған.

Түпнұсқадағы мақала мазмұны:

Мақала мазмұнында Қазақстан ұлттық валютаның әлсіреуіне жол бермеу үшін доллар келісімдерінің кейбіріне шектеу қоюы бұған дейін Ұлттық банк ұсынған өзгермелі айырбастау бағамы режиміне тікелей қайшы келетіні айтылған.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевқа теңгенің тұрақтылығы маңызды және құбылмалы курстың алдын алу үшін шаралар қабылдау керек екенін айтқан.

Экономистердің болжауынша, билік валюта нарығында белгілі бір шектеулерді қолдана береді. Себебі оларды алып тастау теңгенің әлсіреуі мен әлеуметтік шиеленіске әкелуі мүмкін.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz