Қ. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жасаған мәлімдемелеріне фактчек

2020 жылдың 24 қаңтарында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдардағы республиканың экономикалық көрсеткіштеріне қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Тексереміз (материал толықтырылып жатыр).

Отырыстың бейнежазбасы

Тоқаев Қазақстан экономикасы туралы

Өткен жылдың 9 айы ішінде Қазақстанға келетін шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 4,8%-ға артып, 18 млрд доллардан асты. Бұл жақсы көрсеткіш.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жалған

Байқауымызша, Қасым-Жомарт Кемелұлы 2018 жылдың 3 тоқсанын 2019 жылдың 3 тоқсанымен салыстырып тұр. ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың салыстырып отырған кезеңдегі шетелдік инвестицияның жалпы көлемі  расымен 18 млрд доллардан асты.

Дегенмен, пайызбен есептесек, 4,8 емес 6,06% болып тұр (эквивалентте оның маңызы зор). Ұлттық банкке сенсек, жағдай президент сипаттағаннан да жақсы.

2019 жылы әлеуметтік қолдауға арналған шығын (зейнетақы мен жәрдемақы) 3,5 трлн теңгеге жетіп, жалпы бюджеттің 30%-ын құрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында 2019 жылы осы мақсатта бюджеттен 2 952 567 234 мың теңге бөлінгені көрсетілген. Дегенмен, сол министрліктің мәліметінде ҚР жалпы бюджетінде пайызбен есептегенде расымен 30,1% делінген.

Экономикалық өсім 4,5%-ға артты.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жартылай шындық

Айта кететін жайт бар. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылмен салыстырған есеп беру кезеңінде ЖІӨ  4,4 %-ға өскен, Тоқаев мырза көрсеткен 4,5% емес. Жалпы экономикалық өсім туралы айтқанда, шын мәнінде әр санның үлкен маңызы болуы мүмкін екенін ескерген жөн.

Соңғы төрт жылдағы ЖІӨ өсуінің пайыздық көрсеткіштері:

  • 2019 – 4,4 (ҰЭМ соңғы есебі бойынша)
  • 2018 – 4,1
  • 2017 – 4,0
  • 2016 – 1,1

Тоқаев несиелеу туралы

Бізде жеке тұлғаларға берілетін несие саны 1,4 трлн-ге өсіп, 6,7 трлнге жетті. Ал, керісінше заңды тұлғаларға берілетін несие 590 млрд-қа кеміді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жартылай шындық

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2019 жылдың желтоқсан айында экономикаға берілген несие саны – 6 трлн 661 млрд 328 млн теңге. Былтырғымен салыстырғанда 1,358 трлн теңгеге артқан. Ал, заңды тұлғаларға берілетін несие саны былтырғымен салыстырғанда 586,6 млрд-қа кеміп, 7 трлн 202 млрд 519 млн-ға түсті.

Экономикаға берілген несиенің 11,559 трлн теңгесі ұлттық валютада берілсе, 2,304 трлн шетел валютасында берілді.

Тоқаев педагогтар туралы

Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр.  338 мың мұғалімнің 27 пайызы зейнет және зейнет алды жасындағы адамдар.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық әрі ақпаратты бұрмалау

ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ақпараттық-Талдау орталығының “ҚР Білім беру жүйесінің статистикасы” атты ұлттық жинағында жалпы білім беретін мектептегі оқытушы саны – 338 755 екені көрсетілген.

Зейнет жастағы мұғалімдер саны – 19 814, ал 55-пен 59 жастан жоғары ұстаздар саны – 42 269. Президент мәлімдемесінде зейнет және зейнет алды жастағы оқытушылар деген соң, жоғарыдағы сандар алынды. Пайыздық есеппен 18,3 болады. Бұл көрсеткіш президент айтқан мәлімдемеден әлдеқайда төмен.

Сондай-ақ, президент 50 жастан жоғары ұстаздарды қосып айтқанның өзінде пайыздық есеппен 29,9 болады. Пайыздан шатасу ақпараттың бұрмалануына әкелген тәрізді.

Қ. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жасаған мәлімдемелеріне фактчек
Қ. Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында жасаған мәлімдемелеріне фактчек

Тоқаев Дубайдағы ЖІӨ және «Джебель-Әли» АЭА туралы

«Мысалы, Дубай қаласындағы «Джебель-Әли» АЭА  ЖІӨ-нің 25%-ын,  қала экспортының  50%-ын және  БАӘ тікелей инвестициясының 20%-ын құрайды».

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жартылай шындық

АЭА ресми сайтында осы материал жарияланған күні Дубайдың «ЖІӨ-не қосқан үлесі» 23,8% деп көрсетіліп тұр. Теориялық тұрғыдан «23,8» санын «24» деп дөңгелектеуге болады. Сонымен қатар, көрсеткіштерді сол қалпында бермесе, одан да тұрпайы сандармен дөңгелектеуге болады.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz