Гонконг қақтығысының жалғасы

Қытайдың жаңа қауіпсіздік туралы заң қабылдау арқылы Гонконгты құрту туралы шешімі бүкіл әлемді дүрліктірді. Бірақ өткен қарашада Қытай коммунистік партиясы орталық комитетінің резолюциясын оқығандар бұл жағдайды тосын дүние ретінде қабылдаған жоқ. Аталған құжаттың Гонконгке қатысты бөлімінде ҚКП Британияның бұрынғы колониясын толық бақылауға алуға ниетті екенін мәлімдеген. Ұлттық қауіпсіздік туралы қатал заң қабылдап, оны жүзеге асырудың әлі де нақтыланбаған жаңа механизмін қалыптастыру ауқымды әрі жан-жақты қамтылған стратегияның екі құрамдас бөлігі ғана болар еді.

Қытай осы стратегияны жүзеге асыруға шындап кіріскен уақытта өткен жылдың қараша айында жариялаған қосымша шараларды да орындайтынын күткен дұрыс. Гонконгтың заң шығарушы органын ұлттық қауіпсіздік туралы заң қабылдау арқылы алдын орағысы келген ҚКП ендігі кезекте қала әкімшілігі мен билік өкілдерін тағайындау процесін өзгертпекші. Ол Гонконг құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырып, Гонконг азаматтық қызметкерлері мен жастарының арасында «ұлттық сана мен патриоттық рухты» дағдыландыруға бағытталған компания құрмақ. Басты мақсат – қала мен құрлық экономикасын интеграциялау. Қауіпсіздік туралы заң төңірегіндегі қорқыныш аз болғандай, келешекте бұдан сорақы ахуал төнбек.

Қандай жағдай болмасын қауіпсіздік туралы заңды қабылдау 1997 жылы Қытайға қайтарылған уақыттан бері сақталып келе жатқан “бір ел, екі жүйе” басқару принципіне нүкте қояры сөзсіз. Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны комитеті төрағасының орынбасарының сөзіне сәйкес, ұсынылып отырған заңның 4-бабы Гонконгта «Орталық үкіметтің уәкілетті ұлттық қауіпсіздік органдары » тұрақты операвтивтік құруға өкілеттік береді.

Әзірге қай «уәкілетті ұлттық қауіпсіздік органға» қарасты екенін нақты білмейміз, десе де оның құрамында Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі, Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі, Халықтық қарулы полиция болатынын сенімді түрде айтуға болады. Кибер қауіпсіздік пен онлайн цензураны қадағалайтын кибер кеңістік әкімшілігінің басқармасының жауапты қызметкерлері де Гонконгке жөнелтілуі мүмкін.

Одан бөлек ұсынылып отырған заң бұл мекемелерге кеңейтілген өкілеттік береді. Заңның 6-бабына сәйкес, әр мекеме «мемлекетті араздастыратын, үкімет билігін құлататын, терроризмді ұйымдастырып әрі жүзеге асырушы кез-келген әрекеттің, сондай-ақ, Гонконг аймағының Ерекше әкімшілік істеріне қол сұғатын шет және ішкі күштердің алдын алу, тоқтату және жазалау жұмыстарын жүргізуге» міндетті.

Егер заң қатаң тәртіппен жүзеге асатын болса, Қытай қауіпсіздік органдары Гонконг тұрғындарымен ғана шектелмей, оған қоса ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруші шетел азаматтарын да қорқытып,бақылап, қамауға алуы мүмкін. Халықтық қарулы полиция күші одан әрі жалғасын табатын ірі демонстрациялар мен шерулерді жаншуға бағытталуы мүмкін. Зиянкестік әрекет жасады деген айып тағылған азаматтарға нақты қандай жаза қолданылатыны әзірге белгісіз. Дегенмен оларды Қытай сотына жөнелткен жеңіл саналады, себебі Гонконгтағыдай жалпы тәуелсіздік сақталатын соттан гөрі жалған жала арқылы үкім шығару оңай.

Гонконг халқы текетірессіз Қытайдың полиция билігіне бой ұсынбайды. Жақын арада жаңа заңның қабылдануы қаладағы шиеленісті одан сайын ушықтырады, оған дәлел – Гонконг полициясы мен шерушілердің арасындағы соңғы қақтығыс. Қытай қауіпсіздік органдары іске кірісіп бастайтын алдағы айларда  жергілікті продемократиялық белсенділердің жанкешті қарсылығына тап болуы мүмкін. Күш көрсету мен озбырлықтың шырғалаңы экономикалық құлдырауға алып келері анық, себебі капитал мен талантты кадрлар Азияның жаһандық қаржы орталығын тастап кетеді.

Екі арада АҚШ-тағы Қытайға қарсы қырандар жақындап келе жатқан апатты құдайдың жіберген сыйлығы ретінде қабылдайды. Өткен жылдың қараша айында Конгресс АҚШ Мемлекеттік департаментінен жыл сайын «1997 жылдың 1 шілдесіне дейін АҚШ тарапынан көрсетілген заң сияқты АҚШ заңнамасы шеңберіндегі жеңілдік режимін сақтау» шарттарын Гонконгтың бақылауға алғанын растауды талап ететін «Гонконгтағы дамократия және адам құқығы туралы» заң қабылдады. Қытай қауіпсіздік органдары Гонконгтағы демократиялық белсенділер мен олардың батыстағы жақтастарын қамауға алып жатса, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның өз департаментіне қала статусын растауға рұқсат беріп жатқанын елестете алмаймыз.

Мұндай статусты жою 1997 жылдан бері АҚШ-тың Гонконг үшін сақтап келе жатқан сауда саласы мен жолаушы жүрісіндегі барлық жеңілдіктерге нүкте қояды. Бұл қала экономикасына өте ауыр соққы болары сөзсіз. Және Америка агрессиялық әрекеті үшін Қытайды жауап беруге мәжбүрлейтін жалғыз батыс елі болып қалмақ емес. Қытай-Америка арасындағы шиеленісте бір жақты позицияны таңдауға қиналған АҚШ-тың одақтастарына Қытайдың соңғы әрекетінен кейін шешім қабылдау әлдеқайда оңайға түспек. Әлемнің жаңа Қырғи-қабақ соғысқа бетбұрысы туралы көп күмәнданғанымен, оның барлығын бір шетке ысырып қояды. Себебі, Қытай оларды АҚШ бастаған Қытайға қарсы коалияцияға қосылудан басқа амал қалдырмайды.

Қытай билігі мұндай қақтығыстың салдарын алдын-ала ұйымдастырып, Гонконгқа қауіпсіздік туралы жаңа заңды таңуды барлық тәуекелге тұрарлық іс екенін бұрыннан ескергенін сеніммен айтуға болады. Халықаралық қауымдастық мұның қате екенін дәлелдеуі керек.

Минсин Пей, Клэрмонт МакКенна колледжінің профессоры, АҚШ Маршалл неміс қорының бейрезидент Бас ғылыми қызметкері

Copyright: Project Syndicate, 2020.

Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы