Германияда Ansaar International ислам ұйымына тыйым салынды

Германия Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер (Horst Seehofer) Ansaar International E.V. ислам гуманитарлық ұйымына және оның құрылымына кіретін мекемелердің қызметіне тыйым салды. Бұл туралы DW сайты хабарлады.

Германия ІІМ баспасөз хатшысы Стив Альтердің айтуынша, (Steve Alter) ұйымды әлемдегі терроризмді қолдаушылар қаржыландырады.

Ал ІІМ Зеехофердің сөзінше, оларды қаржылай қолдауға тыйым салып, террорларға қарсы күресу керек.

Бұған дейін Дюссельдорфта орналасқан ислам қауымдастығы террористік топтарға — Сириядағы Ан-Нусра фронтына, Палестинадағы ХАМАС (Еуроодақтың терроризм бойынша қара тізіміне енгізілген) және Сомалидегі Аш-Шабаб топтарына қаражат жіберді деп айыпталған.

Германияның ішкі барлау қызметінің былтырғы дерегінше, Германияда салафиттердің саны 12 150 жеткен. Бұл елде 2019 жылы салафиттерді “исламшыл экстремистер” қатарына қосқан.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz