Фейк | Шымбұлақ тау-шаңғы курортында апат болды

Кешелі бері WhatsApp мессенджерінде белгісіз бір тау-шаңғы курортында болған апаттың видеосы тарап жатыр. Болжам бойынша бұл Шымбұлақ тау-шаңғы курортында болған-мыс, видеода адамдарды жоғары-төмен тасымалдайтын арқанжол істен шығып, адамдарды олай-бұлай лақтырған.

Фейк | Шымбұлақ тау-шаңғы курортында апат болды
WhatsApp-та тараған видеоның скрині

Үкім: Фейк

Бұл видеоның Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Видеодан скрин жасап, Google image search-ке салып қарағанымызда оқиға 2018 жылдың 16 наурызында Грузияның Гадаури тау-шаңғы курортында болғанын анықтадық.

Фейк | Шымбұлақ тау-шаңғы курортында апат болды
google image search

Сонымен қатар, жоғарыдағы видеоның скринін анықтап қарайтын болсақ Грузияның мемлекеттік туын байқаймыз. Қар мен арқанжолдан басқа бұл видеода Шымбұлаққа ұқсататын ешқандай да бір белгі байқамаймыз.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz